08 қыркүйек 2014 16:28

Исламдық қаржыландыру неге табандап тұр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Әлі есімде. Осыдан біраз бұрын банктен несие алу мәселесі тұрған кезде бір жолдасымның: «қазіргі банктерден несие алмаймын, исламдық қаржыландыруды күтемін. Себебі онда несие пайызсыз берілуі шарт», - деп айтқаны бар. Шындығында, тура сол тұста елімізде исламдық қаржыландыру жөніндегі арнайы заңнама қабылданып жатқан. Содан бері арада бес жыл да өтіпті. Алайда досым «пайызсыз несиесін» әлі де алған жоқ. Неге? «Алаш айнасы» газеті осы сауалдың жауабын іздеп көрген еді.

Шынымен де, исламдық қаржыландырудың негізгі ерекшелігі сол - дін жолына негізделген қарыз бойынша берілетін ақшаның үстінен пайда көруге, өсім алуға тыйым салынады. Шариғат шарттарында өсімге жол жоқ. Бұл ғана емес, исламдық қаржыландыруда «харам» саналатын сауда-саттықтарға, кәсіптерге тыйым салумен қатар сан алуан спекуляцияға да баруға болмайды. Бұл дегеніміз - белгілі бір саяси-экономикалық жағдайларды жеке мүддеге пайдалануға болмайды деген сөз. Қару-жарақ, порнография, есірткі, арақ пен темекі өндірісі, лотерея, құмар ойындар сияқты харам деп саналатын шараларға ақша берілмейді. Ондай жолмен келген қаражат та исламдық қаржыландырумен араласпауы тиіс. Әрине, банктегі ақшаның бір қазанға құйылатынын ескерсек, аталған мәселелердің бәрін бақылап отыру қиын. Сол себепті исламдық қаржыландырумен «әл-Хиләл» секілді нақты бір банктер айналысады. Дегенмен исламдық қаржыландыруға соңғы уақытта қатты қызыға түскен еуропалықтар бір әдісін тауып, қатардағы банктер арқылы исламдық қаржыландыруды да қолға алған. Мәселен, Ұлыбританиядағы Citibank пен Barclays банктері жанынан исламдық қаржыландыру бөлімдері ашылып, жұмыс істеп жатыр. Ал бізде қалай?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети