Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.97
EUR / KZT - 381.05
CNY / KZT - 48.44
RUB / KZT - 5.45

Шетелдіктер асырап алған баламды қайтарып алғым келеді

09 Қыркүйек 2014, 09:55
0

 Мен өзімді дүниедегі ең нашар, ең ақымақ адаммын деп есептеймін. Әйтеуір, сыртым – бүтін, ішім – түтін. Айналаға өтірік күліп, бергі жағым жылтырағанмен ішкі дертім мені жегідей жейді. Тұла бойы тұңғыш баласын бауырына баса алмай, шетелге қаңғытып жіберген ана қайбір оңушы еді?.. Мен өзімнің басымнан өткен оқиғаны жастарға сабақ болсыншы деп "Алаш айнасына" жазып отырмын. Мені танитындар бұл оқиғаны оқыса менен теріс айналып кетер, сондықтан атымды өзгерттім. Батылсыздығым үшін көпшіліктен кешірім сұраймын.

Қалай бастарымды да білмей отырғаным... Мен әжемнің тұңғышынан көрген тұңғыш немересі болғандығымнан ол кісі мені алақанына салып өсірді. Өйткені әжем үшін менің әкем – бүкіл әлем еді. Қалған алты баласынан әкемнің орны бөлек. Әлі күнге дейін солай.

«Жеті айлық болып дүниеге келгеніңде әжең сені адам қылып алды» деп үйдегілер айтып отыратын. Менің түрім де, мінезім де, тіпті қорқақтығым да әжеме ұқсайды. Кішкене кезімде қатты дауыстан, бөтен адамнан, иттен, қатты желден, найзағайдан қорқатынмын, қысқасы қорықпайтын дүнием жоқ. Бірақ өзімнің кішкенелігімен, нәзіктігіме қарамастан 2-3 жасымда тақылдатып тақпақ жаттап, ән айтып, би билеп жұртты таңғалдырады екем. Сол кезде әкем менің айтқан тақпақтарым мен әндерімді «романтик» деген магнитафонға жазып алған таспалары әлі бар. Алғашқы баланың әр қылығы ата-анаға қызық қой. Кейіннен соңымнан сіңілім мен үш інім туылды. Үйдің үлкені болғандықтан үнемі анам маған «сен сабақты жақсы оқуың керек, өзіңнен кейінгілерге үлгі бол» деп айтып отыратын. Мектепте кілең беске оқитын оқушы болдым. Бірнеше рет аудандық, облыстық олимпиадалардың жүлдегері атандым. Мектептің барлық мәдени шараларына қатысудан алдыға жан салмайтын белсенділер қатарында жүретінмін. Әжем, ата-анам, туған-туыстарым мені мақтан тұтатын. Солардың үмітін ақтау үшін сабақты жанымды салып оқуға тырыстым.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай