09 қыркүйек 2014 11:19

Путин Қазақстанның мемлекет болу құқығын жоққа шығарайын деген жоқ – Ресей елшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Кеше Ресей елшісі жергілікті ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Путиннің қазақ мемлекеттілігі жайлы сөзіне түсініктеме берді. Сондай-ақ ол Қазақстанда орыс тіліне ешкім нұқсан келтіріп жатқан жоқ дейді. Қоғамда белгілі бір деңгейде қызу айтыс туғызған саяси мәлімделерге қатысты елші ойын "Алаш айнасы" басылымы оқырмандарына тәжірмалап ұсына кетуді жөн көріп отыр.

Қазақстандағы Ресей елшісі Михаил Бочарников ҚазТАГ агенттігінің қазақ-орыс қарым-қатынасына қатысты сауалдарға былайша жауап қатты:

– Қазіргі Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасы соңғы жылдармен салыстырғанда өте жоғары деп бағаланады. Біз жоғары деңгейдегі тығыз әріптестікке, ынтымақтастыққа, одақтас қарым-қатынасқа қол жеткіздік. Мұның жарқын көрсеткіші ретінде жуырда қол қойылған халықаралық құжатты атауға болады: бұл ХХІ ғасырдағы татулас көрші және одақтас туралы орыс-қазақ келісімшарты және биылғы 29 мамырда Беларусьпен бірлесіп бекіткен Еуразиялық экономикалық одағымыз. Бұл құжаттар тығыз қарым-қатынастың мықтап іргетасын бекітті, сондықтан соның негізінде таяу кезеңдерде оны бірлесіп дамытамыз деп есептеймін.

Ал Жириновскийдің мәлімдемесіне қатысты Ресей елшісі экстремистік көзқарастағы адам кез келген қоғамда болады, онда тұрған дәнеме жоқ дегендей пікір білдірген.

– Әртүрлі адамның әртүрлі көзқарасы болуы мүмкін, мұндай адамдар Ресей Федерациясының қоғамдық өмірінде де болуы әбден ықтимал, бірақ экстремальдық, экстремистік, керек десеңіз, ең сорақы көзқарастағы адамдар кез келген қоғамда бар. Лимоновтың мәлімдемесіне түсініктеме берген кезімде мен қазақ қоғамында да ондай көзқарасты ұстанатын адамдардың барын әрі олар мұнысын ашық айтатынын айтқан едім. Онда тұрған не бар?..

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети