10 қыркүйек 2014 14:41

Келіннің бетін әйел ашқанды кім көрген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Өткенде бір тойға бардым. Кешкі 17:00-де басталады деп барған тойым 19:30-да әрең басталды. Екі сағат бойы мейрамхана ішінде ары-бері сабылысқан жұртқа қарап отырып-ақ, той басталмай жатып шаршап қалады екенсің. Жә, оны қойшы, кешігу - ет үйренген әдет қой. Ең қызығы, той басталуын-басталды-ау, бірақ келін келіп, беті ашылам дегенше де тағатымыз таусылды. Ес кетіп, жан шыққанда келген келіннің бетін жуандау келген асаба әйел ашты. О заманда, бұ заман келіннің бетін әйел ашқанды кім көрген? Бұған "Алаш айнасы" оқырмандары не дейді?

Қазіргі той маусымында түрлі-түрлі тойға барып, бірінен шаттанып қайтсаң, бірінен тамсанып қайтсаң, енді бірінен ұялып қайтасың. Иә, бір түрлі ұнжырғаң түсіп ұялып қайтасың. Той басқарушылардың дарақылығына, тойшы қауымның парықсыздығына қынжыласың.

Халқымыздың қандай салтын, дәстүрін, әдет-ғұрпын алып қарасақ та, тәрбиелік мәні зор, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, имандылыққа шақыратын күнделікті өмірімізге қажет құнды дүниелер ғой. Бірақ біз кейінгі кезде ежелгі дәстүрімізді жаңғыртамыз деп, керісінше, сол құндылықтарымызға нұқсан келтіріп жатқандаймыз. Айталық, осы бір ғана беташарды алып қарасақ, бұрынғы беташар қандай еді, қазіргі беташарымыз қандай?

Беташар келін түскен үйде жасалатын

Беташар – ежелден келе жатқан мән-мағынасы зор, әдемі дәстүріміздің бірі. Беташар алдында шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан әулеттің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Келін беті ашылмай тұрып шымылдықтан шықпауының өзі - үлкен ізет. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, беташар жырын бастайды. Беташарда шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй т.б. берген (wikipedia.кz алынды). Жаңа түскен келінді бүкіл әулетке, ауыл-аймаққа таныстырып, сәлемін салғызып, оның отбасындағы міндеттерін әнге қосып, әзілмен әрлеп жеткізу сөзі мірдің оғындай жігіттерге жүктелетін болған. Келіннің бетін ашу елге сыйлы ақын-жырауларға, құрметті азаматтарға сеніп тапсырылатын. "Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық" деген сөз осыдан қалған.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети