11 қыркүйек 2014 10:47

Қайын атам пәтерсіз қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

*** ***

"Алаш айнасы" сайтынан түрлі әңгімелер оқып жүрмін. Шынымен де, біреудің қатесі – екінші біреуге сабақ. Ойланып-ойланып мен де өз басымнан өтіп жатқан жайттарды осында жолдап отырмын.


"Алаш айнасы" сайтынан түрлі әңгімелер оқып жүрмін. Шынымен де, біреудің қатесі – екінші біреуге сабақ. Ойланып-ойланып мен де өз басымнан өтіп жатқан жайттарды осында жолдап отырмын.

Мен отбасының жан дегендегі жалғыз қызы едім. Ата-анам тым еркелетіп өсірген. Менің бала күнімде әке-шешем бақуатты тұрмыс кешті. Тоқсаныншы жылдардағы аумалы-төкпелі, жоқшылық кезең болса да, әкем еңбекқор болғандықтан, біздің үйдің жағдайы жақсы болды. Әкем шопыр бола жүріп сауда-саттықпен айналысып, үй үстіне үй алып, туған-туыстарын қалаға көшіріп әкелді.

Әкемнің жалғыз қарындасы студент кезінде демалыс сайын көрші қаладан біздікіне келіп тұратын. Сонда әкем масаттанып: «Оқуды қайтесіңдер? Оқымаған мен, міне, қаншама ақша тауып жүрмін!» - дей келіп, маған: «Оқығың келмесе, оқып миыңды шірітпе. Ақша жетеді. Өзім-ақ сатып әперемін дипломыңды» - деп, мені дандайсытып қоятын. Екі күннің бірінде сабақтан қалатынмын. Жарытып оқығаным шамалы. Әкемнің қарындасы 1-сыныпқа барғанымда мені қаладағы ең беделді қазақ гимназиясына жетелеп апарды. «Мұнда, ең бастысы, тәрбие жақсы» - деді ол сонда. Бірақ мен онда барудан бас тарттым. Менің туған бөлем біздің үйдің жанындағы орыс мектебіне барғалы жатқан. Соған елігіп «Мен Зарина баратын мектепке барамын» дедім. Сөйтіп, анам барып құжаттарымды қазақ мектебінен қайтарып алды да, мен орыс мектебінің табалдырығын аттап, «Әліппе» орнына «Букварьды» қаузадым. Зарина оқу озаты болып кетті де, мен екі күннің бірінде оқудан қалып, мұғалімдерге жеккөрінішті болып сүйретіліп жүре бердім.

Сөйтіп жүріп бір қаланың басқа шетіндегі шағынауданға көшіп мектебімді ауыстырдым. Есейіп қалғанда нашар оқыған тіпті жаман екен, ата-анамды мектепке жиі шақыртатын. Сонда да мен сабақтан қалуымды қоймадым. Дәрігерден анықтама қағазын алу жағынан алдыңғы орындамын. Үй тапсырмасын орындау дегенді білмеймін. Орындағым келсе де, әбден артта қалып қойған адамға бірдеңе ұға қою қиын ғой. Анам киімнің жақсысын, тамақтың дәмдісін маған арнайды. Жылда менің туған күнім атап өтіледі, аста-төк дастарқан жасалады. Ең бірінші келетін – анамның апа-сіңлілері. Әкемнің қарындасы бала күнімде кішкентай домбыра сыйлаған. Оны сол күні-ақ сындырдым. Кейін туған күніме мен қыңқылдай берген соң пианино алып берді. Мен тіпті оқусыз-тоқусыз қалып бара батқан соң, ол мені вокал үйірмесіне жазғызды. Оған екі рет барып, тастап кеттім. Жалпы, кішкентайыңнан бастаған ісіңді тастамауға дағдылану керек екен, ол дағды менде мүлдем қалыптаспапты.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети