12 қыркүйек 2014 15:49

Жындарға дастарқан жайғызған - Мәшһүр Жүсіп әулие

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жындарға дастарқан жайғызған - Мәшһүр Жүсіп әулие Жындарға дастарқан жайғызған - Мәшһүр Жүсіп әулие

 Атақ-даңқы алты алашқа жайылып, әулие атанған қасиет иесі - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ғұламаның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеумен келе жатқан өз ұрпағы Әсет Пазыловтың еңбектеріндегі мынадай мәліметтерді "Алаш айнасы" оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн көрдім.


 Атақ-даңқы алты алашқа жайылып, әулие атанған қасиет иесі - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ғұламаның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеумен келе жатқан өз ұрпағы Әсет Пазыловтың еңбектеріндегі мынадай мәліметтерді "Алаш айнасы" оқырмандарының назарына ұсынғанды жөн көрдім.

"Мәшһүр Жүсiп бiр күнi Баянауылға бармақ болып, жанына баласы Шарафиден мен сүйiктi немересi Төлеубайды ертiп, ат-арбасына атын жегiп жолға шығады. Бозбай деген жерден аса бергенде немересі:

– Шөлдедім, – десе керек. Сонда Мәшһүр Жүсiп:

– Алдымызда тұрған бір үйге барайық, сонда сендердi бiр ауқаттандырып алайын, – деп өзi бастап бiр иесiз үйге алып келедi. Үйге тақай бергенде 12-13 жасар немересi Төлеубай:

– Ата, бiздiң алып шыққан тамағымыз жоқ қой, – дейдi.

– Қазiр не көрсеңдер де үндемеңдер, ештеңе сұрамаңдар, асықпай әлденiп алып сапарымызды жалғастырармыз, – деп, Мәшһүр Жүсiп төбесі құлаған екі бөлмелі үйге алып келеді. Өзі бірінші кiрiп, жерге жайғасып отырады. Атын байлап, соңынан балалары да кiредi. Сол уақытта атамыз бiр дұғаны оқи бастайды. Кенет өзiнен-өзi алдарына дастарқан жайылады. Ұстап келе жатқан тiрi жан көрiнбесе де ет салынған табақ, түрлi-түстi тағамдарға толы ыдыстар келiп дастарқанға қойылды. Атамыз жақсы көретiн өрiк-мейiз де бар. Шай құйылған кеселер келiп, босаған ыдыстар жоғары көтерiлiп, ауамен қалқып есiктен шығып кете бердi. Олардың қайдан келiп, қайда кетiп жатқанын түсiнбеген Төлебайдың қорқып, дұрыс тамақтана алмай отырғанын сезген Мәшһүр Жүсiп:

– Қорықпай, iшiп-жеп, тойып алыңдар, – деп көңiлi қалағанын жеп отыра бердi.

Тамақтанып алған соң Мәшһүр Жүсiп тағы бір қысқа дұғаны оқығанда, алдарында жаюлы тұрған дастарқан көзден ғайып болады.

Мәшһүр Жүсiп балаларын ертiп жолға шығады. Жолшыбай:

– Жаңа ештеңе ұқпаған боларсыңдар, бiздi тамақтандырған жын-перiлер ғой, – дейдi.

Мәшһүр Жүсiптiң жын-перiлердi өз ырқына көндiрiп, өзi қалаған тағамдарды алдырып, дастарқан жайдыруы - әрине, адам нанғысыз ғажайып iс. Мәшһүр Жүсіп жын-періні өз ырзығына бағындыратындай әулиелік қасиетке білімнің арқасында қол жеткізді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Періштелер нұрдан жаратылған, жындар от жалынынан жаратылған, ал адам болса өздеріңе (Құранда) түсіндірілген нәрседен жаратылған» – деген.

Мәшһүр Жүсiптің өмірбаяны қызыққа толы болған. Бұхарда Мәшһүр Жүсіп шығыс медицинасымен және адамзаттың санасы жете бермейтін тылсым күштердің ілімімен әуестенеді. Оған мына екі уақиға куә болса керек:

• Біріншісі - белгісіз бір ақсақалдың моншаға түсіруі. Бiрде монша iздеп көшеге шықса, алдынан бiр ақсақал адам кез болып: - Жүр, балам, мына жерде монша бар, - деп бастай жөнеледi. Сәл жүрген соң шағындау, көзге қораш бiр моншаға әкелiп кiргiзiп, Мәшһүр Жүсіпті шешiндiрiп, арқа-басын ысып, кәдiмгiдей жуындырады. «Е, осындайды кәсiп етiп жүрген бiр мүсәпiр екен ғой» деп ойлаған Мәшһүр атамыз қызметi үшiн деп шалға ақша ұсынса, ол алмайды. Iшiнен: «Апырмай, шайхы адам екен ғой» деп ойлаған Мәшһүр Жүсіп рақметiн айтып, сәл былай ұзай бере артына қараса, монша да, жаңағы шал да жоқ. Бұның не керемет екенiн түсiне алмаған ол ертеңiнде медреседегi ұстазына баян етедi. Ол қуана тыңдап: «Балам, құдай жарылқаған екен, сенiң барғаның Қожа Бахауеддиннiң моншасының орны едi. Саған назары түсiп, шомылдырған өзi болар, сiрә. Ендi саған қасиет қонды, аузыңнан шыққан сөздiң бәрi лепес, қабыл болады!» - деп, қолын жайып батасын берiптi.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети