14 қыркүйек 2014 09:15

Жігіттердің наласына қалмаңдаршы...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

 Ел арасында "Сүйген сұлу емес, сені сүйген сұлу" деген сөз бар. Жастық па, басқа ма, өрімдей кезімізде сол сөзге мән бермей келіппіз. Адам баласы алдағысын болжай алмайды ғой. Ондай құдіреті болса, ешбір қателік жасамауға әрекет етер ме еді? Жұмыр басты пендеде ондай қасиет жоқ. Соның салдарынан аяғын шалыс басып жататын жағдайы бар. Мен де сондай жанның бірімін. Өзімді жақсы көріп, шын жүрегімен сүйген жігіттің наласына қалған секілдімін. Қазіргі күні жасым 50-ден асып кетті. Жастық шақта ештеңеге мән бермей, бүгінгі күні соның зардабын тартып отырған жайым бар. Жалғыздық жаныма батып, әбден қиналып жүрмін. Сол бір албырт кезімізде жігіт біткенге мұрын шүйіріп жүрген едік. Беттің әрі ешқашан кетпейтін секілді. Мәңгі бақи жас болып қалатын секілді көрінді. Сөйтіп, талай жігіттің меселін қайтардым. Олардың арасында маған шын жүрегімен ғашық болып, менің ізімнен қалмай жүгірген бір жігіттің наласы жайында қазір жиі ойлайтын болдым. Осы ойымды "Алаш айнасына" жариялау керек деп шештім.

Әңгімені басынан бастайықшы. Өзімді бет біткеннің көріктісі болдым деп айта алмаймын. Бірақ ешкімнің алдында жүзімді төмен салатындай көріксіз де емес едім. Жігіттер бір көргеннен-ақ маған назар аударып, өзінің жылы көзқарасын білдіріп қалуға тырысатын. Ал мен оларға мән бермейтінмін. Өзімнің қиялымда ақбоз ат мінген жігітім бар. Ол кезде соны кездестірсем деген арманым бар еді. Адамның арманының барлығы орындала бере ме? Мен армандаған жігіт сол күйінше кездескен жоқ. Мен оның бос қиял екенін ұқтым. Жастық желікпен қиялдың жетегінде кете беріппін. Сөйтіп, уақытымды босқа өткізіп алған екенмін. Уақыт тегермешін қайта айналдырып келтіре алмайсың енді... Қолыңды мезгілінен кеш сермегеннен не пайда?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети