16 қыркүйек 2014 08:33

Ақын Қайрат Әлімбектің құлпытасын күреп тастауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Нұрғиса Елеубеков © Нұрғиса Елеубеков

 Қазақтың белгілі ақыны Қайрат Әлімбектің құрметіне қойылған құлпытасты күреп тастауы мүмкін, – деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы. Бұл құлпытас осыдан сегіз жыл бұрын Алматы – Талдықорған күрежолының бойындағы Шеңгелді ауылының маңында орнатылған.


 Қазақтың белгілі ақыны Қайрат Әлімбектің құрметіне қойылған құлпытасты күреп тастауы мүмкін, – деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы. Бұл құлпытас осыдан сегіз жыл бұрын Алматы – Талдықорған күрежолының бойындағы Шеңгелді ауылының маңында орнатылған.

Қайрат Әлімбек 2006 жылдың 23 қыркүйегінде туған жері Қараталдан Алматыға келе жатып, Шеңгелді маңында көлік апатына ұшырап, көз жұмды. Ақынның алып жүрегі тоқтаған жерге туыстары мен достары ескерткіш ретінде биіктігі шамамен бір жарым метрдей болатын құлпытас орнатқан еді.

 «Қайрат Әлімбектің құрметіне қойылған құлпытасты күреп тастауы мүмкін» деген ақпаратты ести сала Шеңгелді ауылына жол тарттық. Шындығында да құлпытастың айналасы тегістеліп, бұл аймақта жол құрлысы қарқын алғаны байқалып тұр.

Құлпытас бетіне Әлімбек Қайрат Әбдіраманұлының:

«...Зуылдайды уақыт шіркін, аққандай жұлдыз

Бұйырылған бақыт құлпын аша алмай тұрмыз.

Үмітім іргеде,

Тіл қатпай жүр деме

Сырымды айтамын,

Айға да, күнге де», – деген өлеңі қашалыпты. Сондай-ақ, ақынның туған жылы және қайтыс болған уақыты бедерленген.

«Жол жиегіндегі бұл құлпытас бірер күнде күреліп тасталатын болды», – дейді Шеңгелді ауылының тұрғыны Бақытжан Атагелдиев. Өйткені, құлпытас жаңадан салынып жатқан Алматы – Талдықорған күрежолының дәл ортасында қалып қойған.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети