16 қыркүйек 2014 17:14

Қытай депутаты көршілердің жерін қосып алуды реттейтін заң жобасын ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

Қытай Халық Республикасының заң шығару органдары шет ел аумақтарын өз территориясына қосып алуды рәсімдейтін арнайы заң жобасын дайындап жатыр, – деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы antikor.com сайтына сілтеме жасап. Аспан асты елінің мұндай қадамға баруына Ресейдің Қырымды өз құрамына қосып алғаны себеп болуы мүмкін.


Қытай Халық Республикасының заң шығару органдары шет ел аумақтарын өз территориясына қосып алуды рәсімдейтін арнайы заң жобасын дайындап жатыр, – деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы antikor.com сайтына сілтеме жасап. Аспан асты елінің мұндай қадамға баруына Ресейдің Қырымды өз құрамына қосып алғаны себеп болуы мүмкін.

Қазір Қытай парламенті, яғни Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиылысы шет ел аумағын өз құрамына қосып алу туралы заңды қалай енгізу қажеттілігін жан-жақты талқылап жатыр. Мамандар бұл заң жобасының Қырымды Ресейге қосу туралы РФ-ның Заңына өте ұқсас екенін айтады.

Бұл Заң жобасын осы жылдың 28 ақпан күні Сунь Вань Хань атты депутат ұсынған. Дайындалып жатқан Заңда Қытай мемлекеті өзге аумақты шетел азаматтардың қалауымен жалпы халықтық референдум өткізу арқылы қосып ала алатыны жазылған. Егер де сол аймақ халқының басым бөлігі Қытайдың қанатына кіріп, азаматы болуға ниет білдірілген жағдайда Қытай үкіметі олардың талабын қанағаттандырады.

Бұл туралы саясаттанушы Мақсат Жақау өз ойын білдіріп: «Қытай Халық Республикасының депутаттары әзірлеген шетел аумақтарын өз территориясына қосу туралы заң жобасы Парламент депутаттарына ойланып-талқылауға ұсынылған мәселе ретінде ғана қаралып отыр. Ресми күнтәртібінде қаралатын заң жобасы емес. Дегенмен мұның өзі тегіннен-тегін жасалып жатпағанын, жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайтынын ескеруіміз керек», – дейді.

Мақсат Жақау, «АҚ ЖОЛ» ХДП төрағасының кеңесшісі

– Қытайдың бұл қадамына көрші Ресейдің Думасындағы Қырымның аумағын легитимді түрде реферндум өткізу арқылы заңдастырған әрекеті себепші болуы мүмкін. Ресейдегі осы бір жайт көптеген халықаралық нормалар мен мемлекетаралық келісімшарттарға қайшы бола тұра жасалды. Және де бұл оқиға геосаяси тектірестер негізінде ушығып, аса қиын жағдайда өтті. Қытай осы тәжірибені ескере отырып, мүмкіндігінше, өркениетті жолмен, яғни көрші шетел азаматтардың қалауымен жалпы халықтық референдум арқылы, егер халқының басым дауысымен Қытайдың қанатына кіріп, азаматы болуға ниет білдірілген жағдайда қолға алынатынын айтуда. Бірақ мұның астарында екі-үш жылдық науқан емес, 10-20 жылдық ірі саяси мақсаттар жатыр. Әсіресе біздің территориялық тұтастығымызға әсер етпей қоймайтын нәрсе, бұған сөзсіз, біздегі диаспоралардың ықпалы болуы да мүмкін.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети