23 қыркүйек 2014 16:09

Мен бөлеме ғашықпын...

ПОДЕЛИТЬСЯ

blog.teamo.ru blog.teamo.ru

 Басқа басқа қазақ бөлесіне тұрмақ, алыс туысқанына ғашық болмайды емес пе, ғашық болуға қақысы да жоқ. Қазақ болып туғаннан кейін бөлеңе ғашық болудың өзі ұят. Ал мен бөлеме ғашықпын. Ия, ия туған бөлеме өлердей ғашықпын. Онсыз өмірімді елесте алмаймын. Онсыз өмірімнің мәні де, сәні де қалмағандай. Қысқасын айтқанда, мен оны ойламаған күн де, түн де жоқ. Оған деген ғашықтық сезімім сонау 4-ші сыныпта оқып жүргенімде оянғаны есімде. Міне одан бері арада 16-17 жылдай уақыт өтіпті. Сондықтан мен «Алаш айнасы» интернет-газетіндегі «Отбасы ошақ қасы» айдарына мына жазбамды жолдап, сіздерден көмек сұраймын. Ау, халайық! маған сіздерден көмек керек.

Егер сіздер маған бұл тығырықтан алып шығар жол көрсетпесеңіздер өз өзіме қол жұмсаймын. Солай істеймін де. Рас айтамын. Егер сіздер менің жақындарым секілді пәк махаббатыма тыйым салатын болсаңыздар, мен өмірмен қоштасуға дайынмын. Мен одан басқа жанды бұл өмірден кездестірген емеспін, кездестіре алмайтыныма және сенімдімін. Кейде ойлаймын егер мен өзімізге менталитеті жақын ұйғыр, не болмаса өзбек болып туылғанымда ғой бұл проблема жартылай шешіліп қойылар ма еді деп. Жалпы ұйғырлар балаларын өзге ұлтқа түгілі, бейтаныс ұйғырға да бермеуге тырысады екен. Олар керісінше (ұлы болсын, қызы болсын) бөтенге емес, өзіміздің жақынға барсын деп, жиендері немесе бөлелерімен үйлендіруге тырысатынын естіп, қатты қызыққаным бар. Ал, мен қазақпын. Сол себепті кейде қазақ болып туылғаныма өкінемін. Бұл өмірде мені тек үлкен жеңгем ғана түсінеді. Сол кісі ғана маған үнемі қолдау білдіріп, тығырықтан шығудың түрлі жолдарын айтып, кеңес беріп тұрады. Қайтсін енді оның да үш қызы бірінен соң бірі бой жетіп келе жатыр ғой

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети