27 қыркүйек 2014 09:47

Жеңгем ағамның теңі емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

 "Жеңге дегенде қайнылары мен қайын сіңілдерін ерекше еркелетіп, олармен сырласатын, қайын жұртын құрметтейтін жанды көз алдыңа елестеткің келеді. Мен бұрын ағам үйленбей тұрғанда болашақ жеңгем сұлу, ақылды, пысық, инабатты болады деп ойлайтынмын. Өйткені менің ағам нағыз азамат. Біз оны өмір бойы өзімізге үлгі тұтып келеміз". Бұл – "Алаш айнасына" хат жолдаған Айбек есімді оқырман хатынан үзінді. Айбек неге жеңгесін ағасына тең көрмейтінін жазып, сырын ақтарыпты. Ендеше оқып көрейік....

Жеңгем алғаш біздің үйдің босағасын аттаған кезде мен 9-сыныпта оқитын оқушы едім. Ең үлкен ағам келін әкеледі дегенде отбасымызбен қатты қуандық. Өйткені жасы отыздан асқан Нұрбек ағамның үйленгенін бәріміз күтіп жүргенбіз. Қалада оқу оқып, жұмыс істеп, үй алып, туған-туысқа көмектесіп, өзін ғана емес, көптің қамын ойлайтын ағамда ертерек отбасын құруға уақыты да болған жоқ. Ағамнан кейінгі екі әпкем тұрмыс құрды. Сонда анам баласының үйленбей жүргеніне қатты алаңдайтын. Айтпақшы, біз отбасында 5 ағайындымыз, екі әпкемнен кейін тағы бір ағам бар, мен үйдің кенжесімін.

Сонымен үйміздің тұңғыш келіні түсті. Жеңгемнің көркінде сөз жоқ, сұлу, бірақ орысша тәрбиеленген, қазақша жақсы сөйлей алмайтын қаланың қызы екен. Әкем мен анам алғашқы күндері-ақ жеңгемнің тік мінезділеу, өткірлеу екенін байқаса да, «жас қой, үйреніп кетеді, қазақшасы да түзеледі» деп өзара күбірлесті де қойды. Өз басым жеңгемді бірінші күннен-ақ ұнатпадым. Қазір ойлап отырсам, сол кезде ауылда ата-әженің, әкем мен анамның қаталдау тәрбиесін көргендіктен бе, маған жеңгемнің қылықтары ерсілеу көрінген екен. Ол келін болып түскен күні ертеңінде ең болмаса ата-енесін, келімді-кетімді қонақтарды сыйлап ерте тұрудың орнына түске таман бөлмесінен әрең шықты. Ағам таңғы шайға өзі келіп: "Жаннаның аздап басы ауырып тұр екен, жата тұрайын" деді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети