Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Қайтып келген күйеу жаман...

30 Қыркүйек 2014, 09:45
0
polnocvet.com
polnocvet.com

Ыңғай әйелдерден құралған ұжымда жұмыс істеудің де өзіндік қиындығы бар. Әрине әйел жүрген жер ылғи да ырду-дырду әңгімесіз болған ба? Кімнің басы бос, кімнің күйеуі бар, кім қайтып келген, әйтеуір әйелдердің анықтамалығынан бәрін біліп алуға болады. Күнімай атты келіншек бәрінің де көңілінен шығуға тырысып, үнемі жақсы қарым-қатынаста болатын. Күлімдеген көздеріне, ашық-жарқын мінезіне қарап оны уайым-қайғысы жоқ, күйеуі үлде мен бүлдеге орап тастаған жан шығар деп ойлайтынмын. Cөйтсем мүлдем керісінше екен. Бірде ұжымда мерекелік кеш болған. Соңына таман Күнімай маған өзінің өмірлік сырын ашты.

«Жас кезімде биді керемет жақсы көруші ем. Мектептегі, кейіннен жоғары оқу орнындағы би кештерінде ортаны бермейтінмін. Әсіресе үнді билерін нақышына келтіре билегенде жұрт дуылдата қол соғатын-ды. Ол кездері мақта терімге барушы ек қой. Алыс аудандағы мақта терімге барғанда сол ауылдағы совхозда жүргізуші болып істейтін жігіт мені алып қашып кетті. Бір қарағанда көз-көрім көркі бар жігіт екен. Алайда қалада қалғым келетін мен үшін күйеуден бұрын ауылда қалатыным жаныма батты. Былайымша күйеуім жаман адам емес. Өте пысық. Өзінің маған деген сезімі арқылы бірте бірте жаулап алды мені. Бірінен кейін бірін топырлатып төрт ұлды туып тастадым. Ата-енем аяғы құт болып келген мені айналып толғанып отырады. Күйеуім де тым тықыр емес, бастысы жүйкем тыныш. Мен үшін өмір қалыпты ағысымен ағып жатты. Ұлдарым ержетті, оқуын бітірді. Бұл шақта ата-енем де өз мекендеріне аттанған. Қырықтың қырқасынан асып керімсал шаққа да жеттік. Уақыт шіркін осылай өте берсе өмірге өкпе артып нем бар? Аяқ астынан айрандай ұйып отырған отбасымыздың тынышы кете бастады. Алақандай ауылда әңгіме жатушы ма еді? Күйеуімнің бір жесір келіншекпен шатысып жүргенін білдім. Төрт баламның әкесіне деген сезімімді суытқан адам бұрыннан-ақ аты жер жарған келіншек болатын. Қайынағалары осы жүріскерлігі үшін талай мәрте келіп ұрып кетіпті деп еститінмін. Бірақ сонда да ерсі қылығын тыя алмаған арсыз енді біздің отбасымызға ауыз салыпты. Ішім удай ашиды. Адуындығыма салып, күйеуімнің жағасына жармасып талай мәрте қан жоса болып қырылдық та. Балаларым арашалап алатын. Қайдағы жоқ арсызға атын былғатқанына қаным қараяды-ақ. Ауылдағылардың бәрі бір атаның балалары. Санамалап келгенде күйеуім оған қайынаға болып келеді. Балаларымды да, мені де аямаған сормаңдай осылайша қайнағасының қойнына кіріп алды. Күндегі қырқыс ақыры отбасымыздың іргесін сөгіп бітті. Ауылдың атын шығарып масқара еткен махаббат хикаясы көпке дейін тиылмады. Қайынжұрты қанша қуса да кетпеген арсыз ақыры...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай