Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 327.63
EUR / KZT - 365.73
CNY / KZT - 47.96
RUB / KZT - 5.48

Күйеуім мен енемді татуластыра алмай жүрмін

02 Қазан 2014, 09:55
0
©Нұрғиса Елеубеков (фото)
©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Құрметті «Алаш айнасы» интернет-порталы, сіздердің сайттарыңыздағы «Отбасы – ошақ қасы» айдарындағы оқырмандардың хаттарын оқып, бүгін мен де қолыма қалам алуды жөн көрдім. Мен сіздерге көптен бері жанымды жегідей жеп жүрген сырымды ашсам деймін.

Менің жасым 31-де. Үш баланың анасымын. Ең алғаш 21 жасымда келін болып босаға аттадым. Содан бері он жылдың жүзі болыпты. Анам тұрмысқа шығатын кезімде мені келіндікке әбден даярлады. Келін болып түскен шаңырағымды сыйлауым керектігін, ата-енені қадірлеудің өзіндік жоғары қасиет екенін санама сіңірген анам еді. Өзім де «ата-анамның сенімін ақтап, ауыл-аймаққа сыйлы келін атану үшін барымды салармын» деп ойлайтынмын. Бірақ барлығы мен ойлағандай болмады. Міне, тоғыз жыл болды біз ата-енемнің шаңырағына мүлдем бармаймыз. Есігін ашпаймыз. Балаларым да, мен де, күйеуім де ол үйдің табалдырығын аттамағалы тоғыз жылдың жүзі болды. «Ауыл-әулетке сыйлы келін атанамын» деген мен қазір туған енеммен бір дастарқаннан дәм тата алмай, не ол кісіні үйіме шақырып күте алмай әуре-сарсаң болып жүрген жайым бар.

Ең алғаш келін болып түскенімде барлығы өз жөнімен, өз жолымен келе жатыр еді. Таңдауым түсіп, сүйіп қосылған азаматым да оқыған білімді азамат. Қайын жұртым да береке дарыған үлкен бір әулет. Осының барлығына іштеу тәубе етіп «бергеніңе шүкір» дейтін едім. Келін болып түскеннен кейін мен бір жыл өткен соң өмірге қыз бала әкелдім. Ол кезде бізді атам мен енем өз алдымызға еншімізді беріп бөлек үй етіп шығарған болатын.

Сонымен жас босанған анамын. Күйеуім күн ұзаққа жұмыста, мен үйде қызымды бағып бір мамыражай өмір басталды. Ана болудың бақытын сезініп әр күн сайын қызымның қылығын қызықтап жүрген кезім еді. Бір күні кешкісін тосыннан басым қатты ауырды. Дәрі ішкеніме де басылмай, күнде кешкісін басым ауырып тұратын болды. Бір ай бойы үздіксіз осылай жалғаса бергеніне де мән бермедім. Күйеуіме де басымның ауырып жүргенін білдірмедім. Күндер осылай өте берді. Маған келе-келе бірдеңелер көз алдыма елестейтін болды. Жалғыз қалғанымда біреу ту сыртымнан қарап тұрған сияқты сезіндім. Ең қорқыныштысы, сол елес күнді-түні қасымда жүретін. Мұны да күйеуіме айтуға ыңғайсызданып, бір жағы оны алаңдатпайын деп шаршағандыққа балап жүре бердім. Бірақ мұның барлығы...

Материалдың толық нұқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай