06 қазан 2014 17:22

Мамандық таңдау қалыңдық таңдаудан да қиын

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы Оңтүстікте сәтті жүзеге асуда. Өткен жылы облыс бойынша 10 103 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Кәсіби оқуға 2 979 адам жолданды. Оқуды аяқтағандардың 99,4 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 7 334 адам жолданды, олардың 95,4 пайызы жұмыс тапты. Жастар практикасына 8 886 адам жолданды. Практика өткендердің 55,8 пайызы жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 1 348 адам бағдарлама аясында 3,1 млрд. теңгенің шағын несиесін алды. Нәтижесінде облыста жұмыссыздықтың деңгейі былтыр 0,1 пайызға төмендеп, 5,5 пайызды құрады. Дегенмен...

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында жұрттың бәрі жұмыс тауып алды дей алмайсың. Өйткені, көп адамдар нарықта сұранысқа ие мамандықтарды игермеген. Оған қоса талай адам мамандық таңдауда адасып, өзіне сәйкес келмейтін салаларда өнімсіз жұмыс істеуде. Енді не істеу керек? Мамандық таңдаудың қалыңдық таңдаудан да қиын екенін ескерген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша «Кәсіптік бағдарлау» атты пилоттық жобаны іске қосты. Мақсат — әркімнің өзіне лайықты мамандықты таңдауына көмектесу. Бұл жоба биыл Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асуда. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушыларымен қатар 9,11 сынып оқушылары да кәсіптік бағдарлаудан өткізіледі.

Енді оқырман қауымға түсінікті болу үшін кәсіптік бағдарлау дегеніміз не деген сауалға тоқталсақ. Аталған пилоттық жобаның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жетекшісі Гүлзат Телғазиеваның айтуынша, қатысушылар 12 қадам бойынша кәсіптік бағдарлаудан өтіп, өзінің тумысынан, табиғатынан қандай кәсіпке бейім екенін біле алады.

Гүлзат ТЕЛҒАЗИЕВА, «Кәсіптік бағдарлау» пилоттық жобасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жетекшісі:

- Бүгінде адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі – мамандық таңдау. Қазір әлемде 80 мыңдай, ал Қазақстанда 8 мыңдай мамандық бар. Кәсіптік бағдарлаудан өтпеген адам үшін осының арасынан өзіне ең лайықты мамандықты таңдап алу қиынның қиыны. Адам өз ісін жан-жүрегімен сүйіп, барынша беріліп істегенде ғана білікті маманға айнала алады. Ол үшін тұлға өзінің қандай мамандыққа бейім, лайықты екенін, болмысына қай кәсіп жақындығын, өзінің қандай қарым-қабілтке ие екенін анық білуі тиіс. Бүгінгі жұмыссыздар–кешегі оқушылар, колледждер мен университеттердің студенттері. Неге олар соншама жыл оқып, соңында жұмыссыз қалды? Өйткені, олар өздеріне лайықты мамандықты дұрыс таңдай алмады, соның салдарынан еңбек нарығында сұранысқа ие боларлықтай білікті, мықты маман ретінде қалыптаспады.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети