09 қазан 2014 12:04

Папамызға қапамыз...

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков (фото) ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Бүгінде ата-анасын папа-мама деп атайтындар басым. Әке-апа деп атайтындарға үрке қарайтынымызды несіне жасырайық. Тіпті, оған ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарайтындар да табылады. Кей өңірлерде анасын шеше деп те атап жатады. Шымкенттіктердің «Ш..ш..» сөзіне шақалып қала беретін әдеттері бар. Сондықтан бұл жақта шеше атауы үлкен қолданысқа ие бола қоймаған. Айтпағымыз папа атауының дұрыс, бұрыстығында. Осы мақаланы жазу барысында мүйізі қарағайдай тіл мамандарының пікірін білмекке ниеттенген едік. Пікір екіге жарылды.

Тіпті, бұл турасында ойланбағандығын алға тартып, жауап беруден бас тартқандар да табылды. Екі топтың ойын тізбектеп өтсек, папа мен мама сөзі қазақтың төл сөзі емес дейтіндер басымырақ түсті. Оны Кеңес одағының жадымызға өшпестей жазып қалдырған «мұрасы» санайтындар баршылық. Олардың уәжіне құлақ түрсек Қызыл империяның қол астында болған жылдары бар асыл мұрасын ұмытып, байлаулы баспақтай жетекке еріп кеткен тек біз ғана ма деген ойға қаласың. Өйткені 15 одақтас республикалардың ішінде болған түркімендер әкесін қахы, анасын эже, ал өзбектер әдәсі мен айысынан айныған жоқ. Біз ғана папа-мамалап кеттік. Енді осының төркініне үңіліп көрсек. Кеңес өкіметінің алға қойған мақсаттарының бірі дінсіздендіру болғаны екінің біріне аян. Кешегі «Алла жоқ» деп аттандаған атеистердің шығуы соның жемісі. Одан бері де орыстандыру саясаты да өз жеңісін бере бастады. Католик шіркеуіндегі ең жоғарғы билік иесін «папа» деп атайды. Батыста шіркеу билігін Рим епископы, яғни Папа жүргізеді. Осыны біле тұра «батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатынын» дәлелдеп отырғандаймыз. Өйткені папалайтындар көп. Балаға не үйретсең тотықұстай соны қайталайтыны белгілі. Тәрбиенің басын ұстап отырған отағасы мен отаналарымыз осыны ұғынар ма екен? Осындайда ойға қаласың, балаға «Папа» деп үйрету арқылы өзге дінді дәріптеп жатқан жоқпыз ба? Бәлкім санасы солқылдақ жастарымыздың өзге дінге бет бұруының басты себебі осында жатқан жоқ па екен өзі? Тәуелсіздік алдық деп тәубә айтып жүргенімізбен сана қараңғылығына әлі сәуле түспеген секілді. Төл сөзімізді тарс естен шығарып, өзгелердің қаңсығын таңсық көруден танар емеспіз. Ислам діні қазақ даласында қанат жаймай тұрған кезде ата-бабаларымыз Көкке, яғни Тәңірге аспандағы көк Тәңірге табынған. Көк Тәңірдің жердегі өкілі деп әкелерін көке деп атаған. Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанғанда да көктегі Жаратушыға сыйынып, әкесін көке деп атаған-ды. Беріде мәңгүрттенген шала қазақтар балаларын папа деп үйретіп, бойына сіңірді. Содан әлі де арыла алмай келеміз. Тіпті арылу ойда да жоқ. Ал, екінші топ - тіл мамандарының өзі «папа-мама сөзі көне түркі тілінен шыққан» дейді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети