09 қазан 2014 12:06

Өзбек 10 миллионға, қазақ 1-ақ миллионға көбейіпті. Неге?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Елімізде жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалады екен. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің республикалық үйлестірушісі Гүл Омарова ханым мәлімдеп отыр. Маманның айтуынша, соңғы он жылдың ішінде республикада жасанды түсік жасау үш есеге төмендеген, алайда Еуропа елдерімен салыстырғанда жасанды түсік жасау көрсеткішінің әлі де болса біршама жоғары екені байқалуда. «Қызға қырық үйден тыйым» тәрбиемізді айтпағанда, халқымыздың басым бөлігін мұсылмандар құрайтынын ескерсек өмірге келмей жатып, періштелерді о дүниеге аттандырудан алдымызға жан салмай тұрғанымыз өкінішті-ақ. Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 шақты жылдың ішінде Қазақстанда үш миллионнан астам сәби тумай жатып, о дүниелік болып, аборттың құрбанына айналған екен. Сол үш миллион бала туылғанда қазақтың саны 20 миллионға жетер еді.

Иә, иә дәл қазір «халқымыздың саны 17 миллионның айналасында» демей, 20 миллионнан асатынымызды мақтанышпен айтып отырар едік. Жасанды түсік туылайын деп тұрған балаларды ғана емес, өмірге енді келетін сәбилерді де өмірге келу құқығынан айырып, жолын кесіп тұр. Гүл Омарова ханым бұл тұрғыда «Бедеулік - бірқатар отбасылық жұп үшін қасірет. Бала тууға қабілетсіз біздің еліміздегі жұптардың саны 15-16 пайызды құрайды. Әрбір бедеуліктің әрбір бесіншісіне жасанды түсік жасау себеп болып отыр» дейді. Бүгінде Еуропа елдерінде мың адамға шаққанда үш-төрт әйел жасанды түсік жасатса, біздің елімізде бұл көрсеткіш, мың адамға шаққанда 18 әйелден келген. Демография мәселесін айтып күнде жағымыз талғанымен, демографиямызға елеулі түрде әсер етіп жатқан жасанды түсік мәселесін шеше алмай отырғанымыз өкінішті.

Жасанды түсік салдарынан жатырда тұншыққан сәбилер санының өсуі ұлт санына да әсер етіп жатыр. Мәселен өткен жылы Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік Статистика комитеті Өзбек халқының саны шамамен 30 миллион адамды құрағанын ресми түрде хабарлады. Салыстыра қарасақ 1991 жылы өзбектердің саны 20 млн. 708 мыңды құрап, 2013 жылы 30 миллионға жеткен. 22 жылда Өзбекстанның халқы 10 миллионға көбейген. 1970 жылдары Өзбекстан мен Қазақстандағы халық саны тең болғанын ескерсек, көршіміздің санына қызғанышпен қарауға болатындай. Алғаш Тәуелсіздік алған жылдары да халық саны жағынан қатарлас болсақ та, осы жылдар ішінде көбею жағынан артта қалғанымыз байқалады. Өз еліміздегі демографияны санамаласақ 1991 жылдары халқымыздың санының 16 миллионға жетеқабыл болған екен.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети