11 қазан 2014 16:31

Туристер туалет таппай тентіреп жүр...

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tautour.kz ©tautour.kz

Жыл сайын алаулатып, жалаулатып туризмді дамытуға арналған жиын өткіземіз. Тегін емес әрине. Оған пәлен дөңгелегі бар миллиондар жұмсалады. Бұл шаралар шетелден туристерді шақыру үшін емес, әлдекімнің қалтасын томпайту үшін атқарған шара болып шыға келеді аяғында. Нәтижесі ....НӨЛ.


Жыл сайын алаулатып, жалаулатып туризмді дамытуға арналған жиын өткіземіз. Тегін емес әрине. Оған пәлен дөңгелегі бар миллиондар жұмсалады. Бұл шаралар шетелден туристерді шақыру үшін емес, әлдекімнің қалтасын томпайту үшін атқарған шара болып шыға келеді аяғында. Нәтижесі ....НӨЛ.

Осы форумдардан, осы жиындардан кейін елімізге ағылып келіп жатқан туристерді көрмедік. Қайта туризімімен-ақ қазынасын қампайтып отырған елдерге қыдырыстаушы отандастарымыз басым сияқты. Еліміздегі «бізде мынадай бар, мынадай барларды» көруге келетіндер баршылық. Бірақ там-тұм. Бір келген адамның қайтып соғары да неғайбыл. Халықаралық консалтингтік және зерттеу компаниялары қазақстандық туризмнің болашағын түгелімен зерттеп шығыпты. Сонда белгілі болғаны елімізге келіп кеткен туристердің саны жыл жылжыған сайын 16,2 пайызға кеміп отыр екен. Мұның барлығы да еліміздегі туризм саласының тұралап қалғаныдығымен түсіндіреді. Ең алдымен тілге тиек болатыны тым қымбат бағалар, соған сай қызмет көрсетудің кемшіндігі. Пиар-кампаниялардың дұрыс жүргізілмейтіні де белгілі болып отыр. Қысқасын айтқанда туризмді дамытуға арналған қаржының кірісі бар, шығысы жоқ. Құмға құйған судай. Әлемдегі туризм саласы бойынша 140 елдің ішінен 88-ші орынға әзер ілігеді екенбіз. Бұл тым көтеріңкі орын болуы да әбден мүмкін. Еліміздегі Есеп комитетінің берген мәліметіне сүйенсек шетелдерден туристерді тарту үшін өткен жылы 720 миллион теңге бөлініпті. Сонда қане шыққан мүйізіміз? Тіпті «сүт пісірім» жердегі шетелдіктердің де еліміз туралы мәліметі мүлдем жоқ. Олар қайта кеше ғана кеңестің шекпенінен шыққан Қырғызстан мен Өзбекстанды жақсы біледі. Бірақ елімізді білмейтіндері басым. Мұнда келіп қыдырыстауға құлықтары да жоқ. Мақтанып көрсетуге тұрарлық жерлеріміз жоқ емес бар ғой. Алайда туризм үшін бөлінген ақшаға жасалған пиар-кампаниялардан емес, одан гөрі блоггерлердің мәліметінен көбірек біледі екен шетелдіктер.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети