Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.66
EUR / KZT - 380.00
CNY / KZT - 48.37
RUB / KZT - 5.45

Салықтық жеңілдіктер қысқартылады

18 Қазан 2014, 13:34
0

 Бұл туралы Сенатта өткен «Салықтық льготаларды оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру» атты «дөңгелек үстелде» жарияланды.

Бұған дейін арнайы тексеріс жүргізген Есеп комитеті Үкіметке еліміздегі салықтық жеңілдіктердің бәрін болмағанымен, біразын жою туралы кеңес берген екен. Содан Министрлер кабинеті, бизнес-қауымдастықтармен бірлесіп, қолданыстағы жеңілдіктерге жаппай ревизия жүргізіп шыққан. Оның қорытындылары кеше жарияланды.

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайыновтың мәліметінше, бүгінде Қазақстанда барлығы 281 салықтық жеңілдік жұмыс жасайды.

– Бұлардың ішінде 118-і – стандартты, ал 163-і – стандартты емес, – деді ол. – Негізгі жұмыс та осы соңғылары бойынша жүргізілді. Нәтижесінде, стандартты емес жеңілдіктерді біз бірнеше топқа бөлдік.

Бірінші топ «әлеуметтік» деп аталған, оған мүгедектер, көпбалалы отбасылар, жетім балалар секілді халықтың жекелеген топтарына қосымша қолдау көрсететін түрлер енген. Олардың саны – 64, үлесі 39 пайызды. Екіншісі – «экономикалық жеңілдіктер» олар өндірістің, экономиканың басым салаларының дамуын және жаңғыртылуын, сондай-ақ жоғары технологиялардың ендірілуін қолдайды. Саны – 67 немесе 41 пайыз. Үшінші топ «сыртқы экономикалық» саналады және елдің импорттық-экспорттық әлеуетін ұлғайтуға бағытталған. Саны – 16 немесе 10 пайыз.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай