Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Біздің әкімдер "мерс" пен "япошкаға" құмар

22 Қазан 2014, 09:32
0

 Біздің елдің басқару жүйесінде бастық деген лауазым иелеріне деген тапшылық жоқ. Үкіметтен бастап, жергілікті атқарушы органдарға дейін тізбектеп шықсаңыз, бастықтың неше атасын көресіз. Жалпы шенеуніктердің көптігіне әлдеқашан көзіміз жеткен. Дегенмен, айтпағымыз бұл емес, олар тақымдаған қызметтік көлік жайында. Бұрыннан түрлі деңгейде айтылып жүрген тақырып жақында қайта көтерілді. Әйтсе де бұл жолы да нәтиже шығатынына сенім аздау болып отыр.

Отандық көлікті қызметте пайдалану туралы әңгіме сонау Оразбақов министр болып тұрған заманда айтылды-ау, жаңылмасақ. Кейін «отандыққа отырамыз» деп үкіметтік деңгейде әңгіме болып, тапсырмалар беріліп, оны жүзеге асыруға қатысты мәселелер қарастырылған да болатын. Алайда, қазақстандық көліктер тек ауыл әкімдері мен департамент директорларының «майлы жеріне» жаққанымен, одан жоғарыларға аспай қалғандай. Ал облыс әкімдері, орталық орган басшылары кілең жапон мен неміс көлігімен жүйткігенді жөн көреді.

Мәжіліс депутаттары осыны айтып дабыл қаққанымен, отандық көлікке ойысу науқаны әлі басталған жоқ. Әзірге бұл бастаманы үнсіз іске асырған Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев қана. Бұрын «Шкода» мінген министр қазір «КИА-ға» ауысқан. Айта кететіні, Үкімет мүшелерінің басым бөлігі тегіс «Мерседес-Бенц» көлігін мінеді. Жапон көлігін мінетіндері санаулы. Есесіне, облыс әкімдерінің көбісі жапон көлігін мінгенімен, салтанатты шараларда сүліктей қара мерседеспен жүретіні жасырын емес.


Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар ...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай