Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

Бақытымды тартып алғанмен, өзі де бақытсыз...

26 Қазан 2014, 18:59
0

 Мен онымен мектепте оқып жүргенде таныстым. Сыныптас балалармен бірге мектепке келгенінде бір-бірімізді бір көргеннен-ақ ұнатып қалдық. Күреспен айналысатын. Жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, қапсағай денелі, ақсары жігіт болатын. Білмеймін, мен оны бар жаныммен құлай сүйдім. Оны көрмей қалған бір күнім азаппен өтетін. Мектеп бітірген соң университетке түсемін деген арманым да адыра қалды. Тек енді Алданышқа тұрмысқа шықсам болды деген мақсат қана тұрды алдымда. Екеуміздің махаббат хикаямызды бүкіл мектеп біледі. Сол үшін талай мәрте қыздар жиналысына да түстім. Қып-қызыл болып сол үшін отқа түссем де мен оны сүюді тоқтатқан жоқпын. Кешке кезудесуге шығамын деп талай мәрте анамнан да таяқ жедім. Бірақ оны көргенде бәрін-бәрін ұмытып кетуші едім. Өмірімнің ендігі мәні, тағдырымның тұтқасы сол ғана деп ұқтым. Ол мен үшін жаттығуларынан қашып, мұғалімдерінен ұрыс естіп жүретін. Оның бәріне біз күле қарайтынбыз. Қол ұстасып болашақ өмірге қадам бассақ бәрі де ұмытылады деп ойлаушы ек. Аяқ астынан осының бәрінің күлі көкке ұшады деп кім ойлаған?..

Мектеп бітіруімізге екі ай қалған уақытта Алданыш үйленіп кетті. Достарынан естігенімде аяғымныңм астындағы жер шыр айналып дөңгеленіп кеткендей болды. Аузыма сөз түспей тілім байланды. Тұрған орнымнан зорға қозғалдым. Қаланың о шетіндегі мектептен 8 шақырым болатын үйге дейін жаяулатып жылап келдім. Үсті басым малмандай су, жаңбырдың астында қалғам. Оны елегем жоқ. Ішім өрт болып жанып бара жатқандай. «Неге, неге?» деген сұрақ жанымды жегідей жеп барады. Келе төсегіме құладым. Маған әбігер болған үйдегілерге ауырдым деп сылтау айттым. Түнде бәрі ұйқыға кеткенде көрпеге көміліп, тұншыға жыладым. Бір бөтелге ішімдік тауып алып, аузыма құйдым. Өртке оранған ішім одан бетер тұз құйғандай ашиды. Жылаймын, жылап жатып бөтелкені тауыстым. Денем балбырап бәрін де ұмытқандаймын. Бірақ екеуміздің бірге жүрген күндеріміз кино лентасындай көз алдыма келген сайын ет бауырым езіледі. «Неге мені сатып кетті?» деген сұрақтың жауабын таба алмай аласұрамын. .. Әйтеуір сүлдерімді сүйретіп жүріп мектепті бітірдім ғой. Әке-шешемнің тоқпағымен өзім қаламайтын оқу орнына түстім. Небір аймаңдайлы, жігіттің төрелері жолықты. Бірақ менің жүрек түкпірімде Алдынышқа деген бір сағыныш жататын. Соның қоламтасын өшіре алмадым. Бәлкім ұмытармын деген далбасамен бір-екеуімен де жүріп көрдім. Жоқ мен оны ұмыта алмайды екем.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар!


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай