29 қазан 2014 09:45

Отбасымды өз қолыммен "жоқ" қылдым...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет ©Нұрғиса Елеубеков (фото) Көрнекі сурет ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Қазақта «Адам маңдайға жазғанды көреді» деген сөз бар. Бірақ, меніңше «адам өз тағдырын өзі жасайды» деген дұрысырақ сияқты. Мұндай ойға өз басымнан өткерген жайларды салмақтай келе тіреліп отырмын. Өйткені, мен тыныш қана, жөніммен жүрген жерімнен өз отбасымның быт-шытын шығарған адаммын. Енді сол ақымақтығымның салдарынан далада қалып, қаңғыбастар қатарына қалай кіріп кеткенімді білмей қалған бейбақпын. «Алаш айнасынан» сан түрлі тағдырлар таразыға тартылатын «Отбасы - ошақ қасы» айдарын көріп отырып, басымнан кешкен жайды жайып салуға бекіндім.

...Қырықтың ортасынан асып, ердің жасы елу иек астынан көрінген кезім еді. Ауылдағы мектепте шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып тәп-тәуір қызмет атқарып жүргенмін. Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына байланысты тамыз айынан бастап қалаға жиі қатынайтын болдым. Жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар алу үшін директорым да қалаға жиі жұмсайтын болды. Нақ сол кезде менің мектептің шаруашылық есептеріне қатысты қаржылық істерді жүргізетін бухгалтер келіншекпен көңілім жарасты.

Алғашында Мағираға жұмыс бабымен келіп жүргенде жай ғана қалжыңмен қағытып жүретінмін. Ол да аққұба жүзі алаулап, қарақат көздерін төңкере қарап ашық-жарқын пейіл білдіретін. Сөйтіп жүргенімізде ол мені түрлі қылықтарымен өзіне тарта бастады. Сөйлесе келе білгенім – ол күйеуінен ажырасқан келіншек екен. Менен он жас кішілігі бар. Көңіліміз жарасып, қалаға келген бір сапарымда екеуіміз бір кафеде оның туған күнін атап өттік. Сыртқы әріптес-қызметкерлер әрине, біздің қарым-қатынасымыздан ештеңе аңғарған жоқ. Дегенмен, туған күн отырысы кезінде мен бұрынғыдан батыл қимылдаңқырап, кешті де өзім жүргізіп, әншілік өнерім бар еді, ортаның көркін қыздырдым. Ақыры қонақтар тарады, мен Мағираны шығарып салдым. Дұрысы ол көлігімен мені өзінің үйіне алып келді. Не сиқыры барын қайдам, сол келіншек мені ақыры арбап алды. Сол туған күні өткен кештен кейін ол менің ауылдағы отбасымды тастап өзіне келуімді өтінді... Ал менің жоғары сыныпта оқитын бір ұл, бір қызым бар. Әйелім өзімен-өзі жүретін томаға-тұйықтау салмақты адам.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети