03 қараша 2014 11:30

"Cириядағы ұлымды қайтара алмай келдім"

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сирияға жиһадқа барған қазақстандықтар" туралы YouTube видеосынан скриншот. 21 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет) "Сирияға жиһадқа барған қазақстандықтар" туралы YouTube видеосынан скриншот. 21 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

 Сирияда жүрген баласын іздеп барған анасы «ислам мемлекетін құрамын» деген ұлының Қазақстанға оралуға көнбегенін айтады. Ол жігіттің елде қалған жұбайы ажырасуға арыз берген.


 Сирияда жүрген баласын іздеп барған анасы «ислам мемлекетін құрамын» деген ұлының Қазақстанға оралуға көнбегенін айтады. Ол жігіттің елде қалған жұбайы ажырасуға арыз берген.

Былтыр қазан айында YouTube желісінде «Сирияға қоныс аударған қазақстандық жиһадшылар» видеосы жарияланғаннан кейін Сирияға кеткен балаларын іздеуші ата-аналар көбейе бастады. Соңғы айда Ирак пен Сирияның біраз территориясын басып алған, қазір Кобани қаласын шабуылдап жатқан «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы қатарында жүр делінетін қазақстандықтарды іздеушілердің бірі – Жезқазған қаласының тұрғыны Құралай Нұрмағамбетова.

– 26 жастағы ұлым Бағлан Салықовты іздеп, Түркия арқылы Сирияға барып, қазанның 28-інде Қазақстанға оралдым, – деді жасы 60-тағы Құралай Нұрмағамбетов Азатттыққа.

«ҚАЙДА ТҰРАТЫНЫН БІЛМЕЙМІН»

Құралай Нұрмағамбетова биыл тамызда екі баласы мен әйелін тастап Сирияға кетіп қалған ұлы Бағланды іздеуіне «Кеңгір ауылының тұрғыны Мұхамбетқали Дәніханов Иракқа кеткен ұлын көріп қайтты» деген хабар қозғау салғанын айтады.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети