10 қараша 2014 10:40

Мақсары майын өндіру қашан өрге басады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Негізгі отаны Жерорта теңізінің жағалауы болып саналатын мақсарының елімізде де өсіріліп, өнім алына бастағанына көп жыл бола қойған жоқ. Жерсіндірілгені де жаңа ғана. Одан алынатын негізгі өнім асқатық май. Мақсары майының сапасы күнбағыс пен мақта майынан кем емес. Бағасы да анау айтқандай қымбат деп айта алмайсыз. Мақта майынан 200-300 теңгеге арзандау. Мақсары қалдықсыз өнім саналады. Майы алынғаннан кейін де үлкен сұранысқа ие.

Мәселен, мақсарының майынан қалған қалдықтан Иранда халуа дайындаса, Түркияда түрлі сабындар шығарады. Ал, тастың өзін кәдеге жарататын қытайлықтар түрлі дертке шипа болатын дәрі-дәрмектер өндіруде. Ал біз қалдықтың өзін кәдеге жарата алмауымыздың салдарынан әзірге малға азық етудеміз. Соның өзіне шүкіршілік деуден басқа амал кем. Табиғаты жайлы оңтүстік облыстар үшін мақсары өсіру таң емес. Облыс аумағында барлық аудандарда өсірілуде. Тіпті, жері құнардан кенде Атырау облысында да мақсары өсіру қолға алынуда. Бұл майлы дақыл биыл өткен жылғымен салыстырғанда 22,6 мың гектарға артық егіліпті. Бүгінде мақсары егілген алқап 87,4 гектарға жетіп отыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше былтыр облыс бойынша 64 мың гектар алқапқа мақсары дақылы өсірілсе, биыл ол 96 мың гектарға көбейіп отыр. Облыс бойынша былтыр 55 320 тонна қамбаға құйылды. Оның 2 500 тоннадайы тұқымдыққа сақталынады. 49 900 тоннасы өңдеуге жіберіледі. Одан 15 200 тонна мақсары майы алынады. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне қарағанда, май шығаратын шағын кәсіпорындар барлық аудандарда ашылған.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети