10 қараша 2014 10:44

Түрмелерге "жұмақ орнату" қажет пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет ©kaluga24.tv Көрнекі сурет ©kaluga24.tv

 «Аттың жақсысы кермеде, жігіттің жақсысы түрмеде» деген Ақан серінің заманы өткен. Түрме жұмақ емес. Онда түскендердің арасында адам деген аты болғанымен, екі аяқты аңға тән әрекет еткендер де, аяғын шалыс басып, бармағын шайнап қалғандар да жетерлік. Олардың жасаған қылмыстары әртүрлі болғанымен, алған жазалары біреу. Ол көгілдір аспанды, әдемі әлемді темір тордың аржағынан ғана көру. Мерзімді жазасын өтеп, бостандыққа шыққаннан кейін де оларды өмір бойы өкшелеп қалмайтын кедергісі тағы бар.

«Отырып келген» деген аттан үріккен кейбіреулер оларға сенім артудан да қауіптенеді. Жұмысқа алмайды. Адамдардың сенімсіздігінен, қоғамның қатаңдық танытуынан жан күйзелісіне түскен олардың «ұшқан ұясына» қайтып оралып жататындары көп. Жыл басынан бергі мәліметтерге қарағанда елімізде 44 мыңға жуық адам темір тордың құрсауында жазасын өтеп жатыр. Олардың 35 пайызын ақжаулықтылар құрайды. Түрмеде отырғандардың дені кісі өлтіру мен есірткі саудасы сондай-ақ, кейінгі кезде тіптен дендеп кеткен алаяқтық үшін құрықталғандар. Олардың көбісі жұмыссыздар. Олардың мұндай қадамға баруын мамандар мәжбүрліктен деп санайды. Жағаңды ұстатып, жан түршіктірер сұмдықтың бірі кісі қанын мойнына жүктегендердің көбісі қорлауға, соққыға төзе алмай, өз күйеулеріне қол жұмсаған қаракөздер. Шыдамның шегінен асқаннан кейін де осындай қадамға барған болар деген ой қылаң береді

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети