Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 322.01
EUR / KZT - 362.42
CNY / KZT - 47.26
RUB / KZT - 5.46

Ресейден енді арзан импорт ағыла бастайды, отандық өндірісшілерге қайтпек керек?

10 Қараша 2014, 14:24
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Сарапшылардың пайымдауынша, рубльі бұрын-соңды осыншама деңгейге төмендеп көрмеген Ресей ендігі кезекте импорттық тасымалына барынша назар аудара бастайды. Сондықтан Ресей болашақта Қазақстан нарығын жаулап алу үшін бізге арзан тауарларын тоғыта бастайды. Осылайша Ресей қазақстандық нарыққа келіп барынша кірігуді, сол арқылы көрші ел өндірісшілері елімізден өздеріне жайлы экономикалық орта қалыптастыруды ойластырып отыр.

Ал мұның артында қандай қауіп тұр? Отандық өндірісшілер мұндайда не істеуі керек? «Алаш айнасы» бүгін осы мәселелерді көтеруді жөн көрді.

Білесіздер, Ресейдің орталық банкі 7-ші қарашадан бастап рубльді еркін айналымға жіберді. Ресейдің макроэономикалық көрсеткіші қазірде тым төмендеп кетті. Жалпы экономикалық аухалдың ауырлауынан онсызда алтын-валюта қоры ортайып кеткенін алға тартқан мамандар, «алдағы уақытта Ресей алтын-валюта қорынсыз қалуы мүмкін» деп дабыл қағуда. Батыспен экономикалық қарым-қатынасы азая түскен Ресейде қазір доллардан арылу үрдісі қоса жүргізілуде. Міне, осының барлығын електен өткізіп отырған сарапшылар «Ресей ендігі кезекте Одақтас елдерімен жұмысын барынша тереңдете түседі. Осыған орай Ресей Қазақстан мен Беларусь нарығына бойлай еніп, барынша сол нарықтарды кеңінен пайдасына жаратуға тырысады» дегенді нықтап отыр.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай