Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 341.27
EUR / KZT - 405.60
CNY / KZT - 51.55
RUB / KZT - 5.96

Інім қорлаған қыздардың көз жасы сіңілілеріме сор болды

17 Қараша 2014, 15:45
0

 Әдетте қазақ отбасыларында ошақ қасындағы әңгімелерді сырттағы адамдарға айта бермейді ғой. «Бас жарылса бөрік ішінде...» демекші, біздің жанұямызда да осы уақытқа дейін небір жағдайлар болды, бірақ көз жасымды көлдетіп, ешкімге тіс жарып басымыздағы жайды айтып көрмеппін. Бүгін «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы» айдарын оқып отырып, мен де қолыма қалам алуға бел будым. Кейде ақ қағазқа болса да шер тарқатып тұрған дұрыс-ау.

Мен Шығыс Қазақстан облысында қарапайым қазақ отбасында дүниеге келдім. Ата-анам ауылдың тіршілігіне төселіп алған нағыз шаруа адамдары. Екеуі де бір ауылда өсіп, сол жерде отбасын құрып, дүниеге төрт бала әкелді, үш қыз, бір ұл. Өздері кезінде жоғары білім ала алмағандықтан бізді оқытуға тырысты. Мен үйдің үлкенімін. Есімім Бақыт, жасым 45-те. Ата-анамның арқасында Семей қаласында жоғары білім алып, бүгінде колледжде қазақ тілінің мұғалімі болып жұмыс істеймін.

Біздің бала кезімізде ауылды колхоз деуші еді ғой. Ата анамыз осы колхоздың жұмысын беріліп істейтіндері соншалық, үй қарасын көрмей кететін. Мен үйдің үлкен болған соң, інім мен сіңілілерімді қарау, үйдің тіршілігі барлығы менің мойнымда еді. Қазір ойлап отырсам, анам 13 жастағы маған үйдің тіршілігін, бауырларымды оп-оңай сеніп тастап кете беретін. Ал қазір біздің балаларды үйде жалғыз қалдыруға қорқамыз. Бірді айтып бірді кетіп жатырмын-ау.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай