26 қараша 2014 11:27

Халық банктердің сауынды сиыры ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қарапайым халыққа ұсынатын депозиттерінің сыйақысын өсіруге талпынғаны жөн. Қазірде отандық сарапшыларымыздың біразы бұл мәселені жиі-жиі талқыға салуда. Бұл ретте қоғам белсенділерінің біразы «еліміздегі екінші деңгейлі банк басшыларының жалақысы, қарапайым жұмысшылардың жалақысынан сегіз есеге көп. Ал сол халықтың тірнектеп жинап, банктерге депозитке салып отырған қаржысының сыйақысы тіптен төмен. Сондықтан депозиттердің сыйақысын көтеретін кезең жетті» дейді.

Жалпы, «Алаш айнасы» пікірлескен мамандардың пайымдауынша, осы уақытқа дейін еліміздің банк секторларын ел үкіметі қолдап келгені рас. 2008-2009 жылғы дағдарыс кезінде құрдымға кеткелі тұрған банктердің біразын Үкімет өз қанатының астына алды. Бұдан кейін де Үкімет талай мәрте демеу білдірді. Келер жылы да банктерді қолдауға, олардың жағымсыз активтерінен құтылуына, проблемалы несиелерінен арылуға Ұлттық қордан қаржы бөлінбек. Міне, осыны ескерген экономист-сарапшылар «Ендігі кезекте сол банк секторлары қарапайым халықтың да мүддесін ойлауы керек» дейді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети