Діни басқарма жиһадшыларға қатысты пәтуа шығарды

04 Желтоқсан 2014, 10:12
0

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстан азаматтарының мұсылман елдерінде орын алған соғысқа қатысуына байланысты ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жер бетінде Ислам халифатын орнатамыз деген ұранмен бірқатар мемлекеттерден жиналған қарулы топтар Ирак және Шам елдерінде адасқан арманның, құры қиялдың жетегінде жүріп, діни дүрдараздық пен бүлік тудыруда. Олардың қатарына қосылған мақсаты айқын емес, дінді біліммен емес, сезіммен түсінген, қару алып, жиһадқа шыққан Қазақстан азаматтарының әрекетін қатаң айыптаймыз» – делінген мәлімдемеде.

Ислам мемлекетін құру идеясын таратушылар қасиетті Қағбаны қиратып, жермен жексен ету керек деген пиғылдарын да ашық айтуда. Бұл – Исламға қарсы әрекет, мұсылмандық былай тұрсын, адамшылыққа да жат амал. Кезінде Йемен патшасы Абраха көп әскермен Қағбаны қирату ниетімен жолға шыққанда, Алла Тағала олардың төбелерінен құстар жіберіп, тас жаудырып құрдымға батырған. Осылайша, қасиетті Қағбаны Алланың өзі қорғаған. Бұл оқиға «Піл» сүресінде ашық баяндалған. Осы сүреде: «Оларға топ-топ әбәбил құстарын жіберді. Құстар оларға балшықтан күйдіріліп жасалған тастар атты. Осылайша Алла желінген топан тәрізді қылды», – делінген.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай