12 желтоқсан 2014 11:56

Үкімет үшемдерді үйсіз қалдыра бере ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 «Айналайын, туған Үкіметіміздің үшемдерге кезексіз үй беруді қолдауға шамасы келмеді. Өте өкінішті», - деп қынжылды бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Қуаныш Айтаханұлы. Қынжылатынындай-ақ бар. Өйткені, бұндай ұсынысты Үкімет шығынды деп тауып, бар жауапкершілікті жергілікті әкімдердің мойнына аудара салған.

«Алаш айнасы» сенатор Қуаныш Айтаханұлының Сенат қабырғасында көтерген мәселесіне бұған дейін де назар бұрған. Онда депутат Айтаханұлы тұрғын үй қатынастарына арналған заң жобасын талқылау барысында дүниеге үшем әкелген ата-анаға баспананы кезексіз беру туралы норманы енгізуді ұсынған еді. Алайда, Үкімет мемлекеттік шығынды арттырады дегенді желеу етіп норманы қабылдамай тастапты. Есесіне атқарушы билік үшемдерге кезексіз үй беру мәселесін жергілікті әкімдерге құқық беру арқылы шешуді ұсынады. Яғни, ондай үшемді дүниеге әкелу бақытына ие болған аналарды ынталандыру облыстық бюджеттің мүмкіндігіне қарай ғана жүзеге асуы ықтимал. Бұндай үкіметтік ұстанымға сенатор Айтаханұлы қатты қынжылыс білдірді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети