Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Сотталғандардың қарызы 29 млрд теңгеден асқан

18 Желтоқсан 2014, 09:57
0

 Соталғандарды асырап-ұстауға мемлекет қоржынынан қомақты қаржы жұмсалатыны жайлы бұған дейін талай айтылған. Алайда олардың мемлекет және жеке азаматтар алдындағы қарызы туралы осы уақытқа дейін сөз болған емес. Сөйтсек, сотталғандардың мемлекет пен жеке тұлғалар алдындағы қарызы 29 млрд теңгеден асыпты. Оның 17 млрд теңгесі мемлекет алдындағы қарыз көрінеді. Мұндай статистикалық деректі өткен аптада ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев келтірді. Оның айтуынша, қарыздың қордалануына сотталғандарды жұмыспен қамти алмай отыруымыз себеп.

Асхат ДАУЫЛБАЕВ, ҚР бас прокуроры:

- Сотталғандар мемлекет пен жеке тұлғалар алдында қордаланған қарызын өтеу үшін түзеу мекемелеріндегі еңбекпен қамту мәселесін дұрыс жолға қойып, еңбекақысын ұлғайту керек. Сондай-ақ, сотталушы жазасын өтеп шыққанан кейінгі алғашқы уақыттарда қаржыға мұқтаж болмауы тиіс. Әйтпесе мұқтаждықтан олар қайта қылмыс жасауы ықтимал. Бұл аса маңызды мәселе.

Бас прокуратураның мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда түрмеде жазасын өтеушілердің 41 пайызы екі және одан да көп рет сотталғандар көрінеді. Прокуратура өкілдерінің пайымдауынша, бұл көрсеткіштің жоғары болуының басты себебі - жұмыспен қамту мәселесінің дұрыс жолға қойылмауы. Соның салдарынан түзету мекемесінен босап шыққан азаматтар қылмыс жасап, қайта түрмеге отырады екен.

Осы мәселені оңтайлы шешу мақсатында бас прокуратура өкілдері «Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамту -2017» бағдарламасын да жасапты. Өйткені, прокурорлардың айтуынша, сотталып шыққандарды жұмыспен қамту "Жұмыспен қамту-2020" мемлекеттік бағдарламасынан да тыс қалған.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай