Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шырша мерекесінің түп-төркіні түркілерден басталған

02 Қаңтар 2015, 18:41
0
m.progorodnn.ru
m.progorodnn.ru

 Жер-ана ақ көрпесін қымтанып, үскірік аяз дала кезіп, періштенің қауырсынындай ақ ұлпа қар көктен жауған тұста «Жаңа жыл келді» деп қуанатымыз бар. Қоғам тарапы әртүрлі сын айтқанымен, жеме-жемге келгенде, Жаңа жылды дәстүрлі төл мерекедей төрге оздырып, осыдан он шақты күн бұрын ғана күпі кигізген Аяз атаға қалай шекпен жауып жібергенін аңғармай қалады. Арамызда беті нарттай қызарған Санта Клаус пен үріп ауызға салғандай Ақшақарымыз жүреді. Ал біз Күнді қазық етіп айналған ғаламшарлардай шыршаның маңында дөңгеленіп бара жатамыз. Неге? Меніңше, оның себебін аталмыш мерекенің түп-төркіні түркілерге тән екендігінен іздеп көрген жөн секілді. Сары майдан қыл суырғандай етіп, осы мәселенің тігісін сөгіп көрелікші.

Алғашқы сөз

«Жаңа жыл мерекесін ата-бабаларымыз мерекелемеген» дейтіндердің бірқатары Иса пайғамбардың мәулітінен (туған күнінен) ойын жырақ еткісі келсе, енді бір шоғыры осы мейрамда «ақаңнан сілтеп, арып-ашқандарды» айтып, дат білдіреді. Тағы бір тобы қытайдың тарсылдақтарының балалар үшін Әзірейілге айналғанын кесе-көлденеңдетіп, ой-жоралғы етеді. Құп! Мұндай мысалдар байдың малындай көп болғанымен, «көптің түкірігі көлге айналғанын» көрген емеспіз. Керісінше, аталған мерекеге деген сүйіспеншілігіміз күн санап өсетін Толағайдай тау қопарып барады. Дәл осы тұста тізгін тартып, «Жаңа жылды қазақыландырайық» деген бір ауыз сөзді айтатын, жез мұрт Сталиннің идеясындағы жирен сақал, көк көзді Аяз атаның келбетін де өзгертіп, қазақ, қала берді түркі аңыздарындағы кейпіне оралуына септесетін кез келген сияқты. Себебі бұл ел ойлағандай Иса пайғамбардың туылған күні емес. Дәлел керек пе?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай