Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

НАТО әскері Беларуссияға неге жақындап келеді?

27 Қаңтар 2015, 12:49
0

«Бүгін Волковысск аудандық әскери комитеті резервтегі 140 әскериді шақыртып алды. Әр ауданнан 140 әскери шақырылса, онда еліміз бойынша 15 мың әскери жиналғаны ғой. Бұл Украинадағы жағдаймен байланысты сияқты. Әскерилерді шығарып салған бала-шаға улап-шулап, дауыс шығарып жылап жатты. Төрт автобус өстіп Гроднодан шығып кетті» деп жазады Хартия 97 беларусь порталының жетекшісі Наталья Радина өзінің «Фейсбуктегі» жеке парақшасында.

Кеше президент Лукашенконың өзі қол қойған заңға өзгеріс енгізгені туралы ақпарат тарады. Онда Беларусь президенті: «Ресей әскері Украинаға Беларусь арқылы енбейді» деп мәлімдеген.

1 ақпанда Беларусь Республикасында «Әскери жағдай туралы» заң өз күшіне енеді. Ұлттық құқықтық порталда жарияланған бұл заң мәтінінде «қандай да бір мемлекеттің ресми түрде соғыс жариялағаны-жарияламағанына қарамастан Беларусь соғыс жағдайын енгізе алады» делінген. Сондай-ақ онда соғыс жағдайы қандай қауіп-қатер төнгенде жарияланатыны нақты белгіленген. Соның біріне Беларусь шекарасы маңына бөтен мемлекеттің әскерилерінің шоғырлануы жатады екен.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай