24 желтоқсан 2015 11:22

2015 жылдың ең жағымды жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

2016 жылға бір апта ғана қалды, ал "Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің" деген түсінік бар. Сондықтан өткен жылдың ең жағымды жаңалықтарын бір еске алып, жаңажылдық көңіл-күйімізді бір көтерейік. Tengrinews.kz осы мақсатта 2015 жылдың бізге қандай қуаныштарды сыйлағанын тізіп шықты. 


2016 жылға бір апта ғана қалды, ал "Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің" деген түсінік бар. Сондықтан өткен жылдың ең жағымды жаңалықтарын бір еске алып, жаңажылдық көңіл-күйімізді бір көтерейік. Tengrinews.kz осы мақсатта 2015 жылдың бізге қандай қуаныштарды сыйлағанын тізіп шықты. 

Қазақстандықтардың қайырымдылық пен жақсылық танытқан ірі оқиғаларынан бастайық. 2015 жылы екі бірдей табиғи апат болды - сәуірде Қарағанды облысында су басты және шілде айында Алматы облысына сел жүрді. Осы екі апат кезінде де қазақстандықтар белсенді түрде волонтерлік көмекке жұмылды. Мәселен, республиканың барлық облысында Қарағанды облысында зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек жинау жұмыстары жүргізілді. әлеуметтік желілерде #sos_karaganda және #helpkaraganda хэштегтерімен түрлі акциялар өтті. Су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинауға орталықтандырылған есепшот ашылды. 


Қарағанды облысындағы су тасқыны

Алматыдағы сел кезінде көмекке зәру адамдарға қол созғандар да аз болмады. Еріктілер, түрлі ұйымның қызметкерлері және қарапайым қала тұрғындары төтенше жағдай орнына келіп, лай-батпақ шайған үйлерді тазалады. Табиғи апаттан зардап шеккендерге мейрамхана иелері де келіп, 1200 адамнан тамақтандырды. Алматыдағы селден зардап шеккендерге 50 миллионнан аса қаражат жинап берген арнайы қор да ашылған еді. 

Тіпті балалар да асардан құр қалмады. Мәселен, 12 жастағы Нұрақын Халимсапиев пен Диас Әубәкіров көрсеткен еңбектерімен және көмектерімен әлеуметтік желілердің нағыз қаһарманына айналды. "Еріктілер Нұрақыннан "Мұнда не істеп жүрсің? Сен әлі кішкентайсың ғой, үйіңе барсаңшы" деп сұрастырды. Сол кезде өжет бала "Туған Шапайымнан ештеңені де аямаймын, көмектескім келеді" деді. Кейін оның досы Диас та жәрдемдесуге келді. Басында ол досын ойнауға шақырған, бірақ кейін өзі де көмектесуге қалды. Балалар жарады, олар көмекке бірінші болып келгендердің қатарында болды", - деді Лейла Қасыманова деген ерікті. 


Диас Әубәкіров селден зардап шеккендерге көмектесіп жүр.  

Кейін қала әкімдігі Диасқа алғыс хат пен жаңа велосипед сыйлады. 

2015 жылы қазақстандықтардың бірлігін көрсетіп берген тағы бір оқиға болды. Астана тұрғыны Асқар Жүнісбеков желтоқсан айында үшінші сыныптың оқушысын құлап кеткен ашық құдықтан алып шықты. Ол беліне жіп байлап, қызды алып шығу үшін құдыққа түсті. Қыз аман-есен құтқарылып, ал ТЖД құтқарушыға алғыс хат берді.  

Ал Орал қаласында Сергей есімді жігіт суға батып бара жатқан үш баланы аман алып қалды. Бұл туралы жұртшылық куәгерлердің сөзінен білді. Ал батыр жігіт қарапайымдылығын көрсетіп, өзіне шектен тыс назар аудармауға тырысты. Иә, нағыз қаһарманға атақтың қажеті жоқ!


Орал тұрғыны Сергей.

Елге аяқ асты танымал болатыны Батыс Қазақстан облысының 13 жастағы тұрғыны Никита Тюкиннің ойына да келген жоқ еді. Мамыр айында ол суға кетіп бара жатқан екі қызды құтқарды. Жас бала достарымен бірге дүкенге бара жатқанда екі сыныптасын көреді. "Олар суға түсуге бара жатыр екен, мен де бірге баруды ұйғардым. Жақсы жүзетін болғандықтан өзенді тез жүзіп өттім, қыздардың күші жетпеген секілді. Жағаға жеткенімде қыздың айғайлағанын естідім", - деді ол. Никитаның айтуынша, ол ағып бара жатқан қыздың  қолынан ұстап, жағаға дереу шығарған. Ол қызды құтқарамын дегенше, екінші қыздың да су астына батып кеткенін байқайды. "Қызды судың бетінен көру мүмкін болмады. Суға бірнеше рет сүңгідім, кейін оның денесін сезгендей болдым. Ол су түбіне дейін батып кетпепті. Дегенмен, өте терең болды. Мен оны судан алып шықтым. Ол жағаға жеткен кезде өз-өзіне келмеген еді, оның кеуде тұсынан ұрып, аузынан дем бердім. Кейін ол тыныс ала бастады", - деді оқушы.


Никита Тюкин

Баланың ерлігін жоғары бағалаған БҚО ТЖД оған ұялы телефон тарту етіп, медальмен марапаттады. Ал белгілі экономист Олжас Құдайбергенов оқушының анасының шотына 200 мың теңге аударды.

2015 жылдың тағы бір батыры туралы айтайық. Бұл оқиғаға дейін ешкім қоғамдық көліктің тұрғындар үшін қауіпті екенін ойламаған еді. Қазан айында Алматыда трамвай бірнеше автомобильді іліп кеткен еді. Жол-көлік оқиғасынан бес адам зардап шекті. Ауғанстандық студент Башарат хан Юссефи ерлік жасамағанда зардап шеккендердің саны бұдан да көп болар еді. Жігіт көлік басқарусыз қалған кезде 40 жолаушымен бірге салонда болады. Жас жолаушылар салонды тастап қаша жөнелген. Көлікте тек қарт кісілер қалыпты. Башарат болса жүргізуші орындығына қарай жүгіріп, көлікті дер кезінде тоқтатты.


Башарат хан Юссефи

Ерлік туралы айтқан кезде полицейлердің өмірін мысалға келтірмей өту мүмкін емес. Көп адам қауіпсіздікті қамтамасыз ету олардың жұмысы деп есептейді, дегенмен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кейде өрт сөндіруші де, құтқарушы да болады. Көкшетаулық полицей Данияр Аманжол өртеніп жатқан үйден анасы мен төрт баланы құтқарып алды. Үйге жақындап келіп тоқтаған полицияның кіші сержанты Данияр Аманжол отқа оранған үйдің терезесін біреудің қағып тұрғанын көрген. Данияр еш саспастан терезені шағып, өртеніп жатқан бөлменің ішіне түседі, сөйтіп балаларды кезек-кезек көтеріп алып шықты. Осыдан кейін ол көмекке келген жігіттерге балаларды тапсырды.


Данияр Аманжол

Адам бойындағы адамгершілік қасиет тек төтенше жағдайларда ғана оянбайды. Шымкентте Мейірман Сауранбек "лимузинмен" өткізетін той күнгі серуенінің орнына жетім балаларға дастархан жайып берді. Осылайша жас жұбайлар балалардың ілтипатына бөленді.

Дәрия мен Еркебұлан Жолдасовтардың жасаған бұл әрекеті шымкенттік өзге жастарға үлгі болды. Олар дүркіретіп той жасаудың орнына 300 адамға арналған палау әзірлеп, азаматтарға тегін таратты.

Сонымен қатар, биыл қайырымдылық шаралары жоғары деңгейде өткізілді. Наурыз айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Еркін мейірімдік қоғамы" қорының директоры Аружан Сайынмен және Мемлекеттік тілді дамыту қорының басшысы Азат Шәуеевпен кездесіп, әр қорға 300 мың доллардан бөліп берді, бұл қаржы "Жібек жолы" Бейбітшілік сыйлығына орай қаламақы ретінде табысталған болатын.

Кейін Президент бөлген бұл қаражаттың жартысы "Аутизмді жеңеміз" және "Балаларға өмір сыйла" акциялары бойынша балаларға көмек көрсетуге аударылғаны анықталды, ал қалған бөлігі Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жабдықтар алуға бөлінгені белгілі болды.

Сонымен қатар, жылдың басында "Үй ішіндегі сыйқырлы ертегілер" балалар кітабының таныстырылымы өтті, оның авторы қазақстандық белгілі әртістер, спортшылар, журналистер, жазушылар мен қоғам қайраткерлері. Кітап сатылымынан түскен қаржының барлығы жағдайы төмен отбасындағы балаларға берілді.

Отандастарына жақсы үлгі көрсете білгендердің бірі қазақстандық 25 жастағы бағдарламашы Асхат Мырзабаев. Ол өзінің жасына қарамастан, адамдардың жеке басының дәулеті жайында ғана ойлауды мақсат тұтпауы тиіс екенін дәлелдеп берді. Жарты жыл ірі Barclays банк тобында (Ұлыбритания) жұмыс істеген ол екі миллион доллардан аса қаржы жинап, гонорарының барлығын обырмен күресу жолдарын зерттеуге берді. "Мен миллион табыс тапқан адамдардың екінші миллионға да шамасы жететініне сенімдімін. Бұл өмірдің басты мақсаты емес қой. Мақсат ақшадан жоғары тұруы керек", - деп мәлімдеді Асхат өз сұхбатында.


Асхат Мырзабаев

Мұндай пікірге алматылық кәсіпкер Вячеслав Банщиков те қосылды. Ол Медеу ауданындағы Алатау ықшамауданының тұрғындарына спорт кешенін сыйлады. Тұрғындарға футбол алаңы, жүгіруге арналған жолақтар - барлығы да қайтарымсыз негізде тегін берілді, ересектерге арналған спорт кешені заманауи жаттығу құрылғыларымен, балалар алаңымен және көлік тұрағымен қамтылған.

Демеушінің айтуынша, қаржы игілікке жұмсалды және бұл әрекет Алматының және бүкіл Қазақстанның өзге кәсіпкерлеріне үлгі болып, игілікті қайталауға шақырады.


Вячеслав Банщиков

Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! 2016 жылы тек жақсы жаңалықтар болсын!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети