Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов өмірлеріндегі бес ғажайып сәйкестік

12 Қаңтар 2016, 16:40
0

Жақында Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде "Тұлғатану" қоғамдық жобасы аясында қазақтың  Тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровпен кездесу ұйымдастырған едік. Ұлт батырының әңгімесін тыңдап, сұрақтарына жауап алуға 800-ге жуық студент жиналды. Зиялы қауым өкілдері тағы бар. Айтайын дегеніміз жоғары деңгейдегі кездесу жайлы емес, сол іс-шараға дайындық барысында біз көз жеткізген көптеген ғажайып сәйкестіктер. Өздеріңіз білетіндей 2015 жылдың қыркүйек айында қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов аспан әлемін бағындырды. Ал Тоқтар ағамыз оған ақ батасын беріп аттандырған еді. Мұқият бақылып қарасақ, қос батырымыздың арасында көптеген ұқсастықтар бар екен. Назарларыңызға қазақтың қос тұлпары жайлы сол фактілерді ұсынайық.

Екі батыр бір айда, бір күнде өмірге келген екен. Туған күндері - 27 шілде. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылдың, Айдын Айымбетов, 1972 жылдың жазында дүние есігін ашқан. Жұлдызнама белгілері - аң патшасы арыстан.  27 шілде күні бұл азаматтардан бөлек Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған қазақтың қайсар қызы Ләззат Асанова, белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов туылыпты. Туған күндер тарихына үңіліп қарасаңыз, басқа да тұлғалардан сәйкестік байқауға болады. Мысалы,  ұлтымыздың ұлы жазушылары  Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза және Оралхан Бөкей 28 қыркүйекте, яғни бір күнде туған түлектер. Ал Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафин бір жылда туылып, бір жылда қайтыс болған. Өмір сүрген уақыттары 1902-1985 жылдар.  Айтпақшы, астрология ғылымында бір күнде туған адамдарды "Жұлдызды егіздер" деп атайды. Ғалымдар олардың өмірлерінде, мінездерінде ұқсастықтар болатынын да жоққа шығармайды.

Негізгі кейіпкерлерімізге қайта оралайық. Қос ғарышкер арасындағы екінші ұқсастық: Тоқтар Оңғарбайұлы да, Айдын Ақанұлы да бір оқу орнының, "Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесінің" түлектері. Тоқтар Әубәкіров 1969 жылы, ал Айдын Айымбетов 1993 жылы оқуды аяқтаған. Арасы - 24 жыл. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа 1991 жылы ұшса, Айдын Айымбетов 2015 жылы көкке көтерілді. Арасы - 24 жыл. Қызық емес пе?!

Төртінші сәйкестік: Тұңғыш ғарышкер 2 қазан күні, ал Айдын ағамыз 2 қыркүйек күні ғарыш сапарына аттанды. Күнтізбеге қарасаңыз екеуі де аптаның сәтті сәрсенбісіне тура келеді.

Соңғы және ең қызық сәйкестік: Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқандағы командирі - Александр Волков болатын. Ал Айдын Айымбетовтың командирі Александр Волковтың ұлы - Сергей Волков!


© Ақорда

Мұның барлығын жай кездейсоқ сәйкестік дерсіз, дегенмен мықты тұлғалар арасында біз түсіне бермейтін құпия ұқсастықтар болатынын рас сияқты. Осы фактілердің барлығын Тоқтар Әубәкіровпен өткен кездесуде өзіне айтып бергенімізде таң-тамаша қалған. Содан кейін біз "Осыншама ұқсастық болатындай Айдын Аимбетов екеуіңіздің араңызда қандай байланыс бар?" деп сұрағанымызда "Айдын - менің балам!" деп әзілдеп еді. Расында қазақтың батырлары өз ізбасарларына осылай қамқорлық жасап, қолдап жүргені өте жарасымды емес пе?!

Абай Сейфуллаұлы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

"Тұлғатану" қоғамдық жобасының жетекшісі


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай