31 тамыз 2016 14:08

Ислам Кәрімовтің қыздары жайлы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

29 тамызда Өзбекстанның орталық телеарналары Ислам Кәрімовтің ауырып жүргені жайлы тарихта алғаш рет хабар таратты. Кейінірек президенттің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева әкесінің миына қан кетіп, ауруханаға жеткізілгенін және оның денсаулығының тұрақты екенін айтқан болатын.


29 тамызда Өзбекстанның орталық телеарналары Ислам Кәрімовтің ауырып жүргені жайлы тарихта алғаш рет хабар таратты. Кейінірек президенттің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева әкесінің миына қан кетіп, ауруханаға жеткізілгенін және оның денсаулығының тұрақты екенін айтқан болатын.

78 жастағы Ислам Кәрімовті бүкіл әлем біледі. Мемлекет басшысы екі қызды тәрбиелеп, өсірді. Айта кетейік, Өзбекстан президентінің екі қызы тегінің арқасында ғана емес, көптеген даулар арқылы да белгілі.

Мемлекет басшысының қызы жергілікті ақпарат құралдарымен бірге өзінің Twitter желісіндегі парақшасын жүргізіп, белсенділік танытқан.Үлкен қызы Гүлнар Кәрімова қоғам белсендісі болып, зергерлік бұйымдардың дизайнымен айналысып, Gooogoosha лақапатымен ән де айтып жүрді. Сонымен қатар, ол саясатқа да біраз араласты. 2013 жылға дейін сарапшылар оны әкесінің мұрагері болуы мүмкін екенін айтқан. Гүлнар бірінші жұбайымен АҚШ-та он жылға жуық уақыт тұрған. Нью-Йоркте сән мен дизайнды оқыған. Гарвард университетінде оқып, дәреже де алған. 2010 - 2012 жылдары Испанияда елші қызметінде болған. Алайда 2012 жылдан бастап ол 10 елде, оның ішінде туған жері Өзбекстанда өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулердегі істе фигуранттардың бірі болды.


© Гүлнар Кәрімованың баспасөз қызметі

Сонымен қатар, 2013 жылдың күзінде Өзбекстандағы баспа агенттігі Гүлнар Кәрімоваға тиесілі бірнеше телеарна мен радиостанцияны жауып, тергеу жұмыстарына байланысты Terra Group медиахолдингінің есепшоттарын бұғаттады. АҚШ-тың тергеу органдары Гүлнар Кәрімованың шетел инвесторларынан бір миллион доллардан аса көлемде пара алғанын мәлімдеген.

Гүлнар Кәрімова 1992 жылы тегі ауған ұлтынан шыққан америкалық кәсіпкер Мансұр Максудиге тұрмысқа шыққан. Содан ол тез арада жоғары лауазымды қызметке Ташкенттегі Coca-Cola компаниясы өкілдігінің директоры болып тағайындалған. Алайда жұп 2001 жылы ажырасып кеткен екен. Жұбайымен ажырасқаннан кейін Гүлнар Кәрімова екі баласын - қызы мен ұлын алып кеткен. Бұл жағдай халықаралық деңгейдегі үлкен дауға ұласқан. Себебі, бұрынғы күйеуі Максуди одан балаларды қалдыруын сұраған. Дегенмен ұзақ жылдар бойы соттаса отырып, Гүлнар балаларды өзімен бірге алып қалған.

Ал Ислам Кәрімовтің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева өзінің қайырымдылық қорымен танымал. Сондай-ақ, ол Өзбекстандағы мәдениет және спорт саласының дамуына қолдау көрсетіп жүрді. Қазіргі уақытта Лола Кәрімова-Тилляева Өзбекстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі қызметін атқарып жүр. Айта кетейік, Ислам Кәрімовтің кенже қызы Тимур Тилляев есімді кәсіпкерге тұрмысқа шыққан.


Лола Кәрімова отбасымен бірге. Отбасының жеке мұрағатынан алынған сурет

Соңғы кездері Интернетте Ислам Кәрімовтің кенже қызының әкесінің орнына келуі мүмкін екені жайлы түрлі әңгімелер тараған болатын. Бірақ Лола өзінің Instagram желісіндегі парақшасына ешқандай да саясатқа араласқысы келмейтінін, тек отбасы мен үш баласын тәрбиелеумен айналысатынын жазды.

Кейбір ақпарат құралдары Лола Кәрімова-Тилляеваны қымбат заттарға деген сүйіспеншілігі шамадан тыс деп айыптап отыр. Мысалы, 2013 жылы Лола Кәрімова-Тилляева 2012 жылдың маусымында АҚШ-тың Беверли-Хиллз ауданындағы 58 миллион долларға бағаланған Le Palais вилласын сатып алған. Ол үйде жеті бөлме, 11 жуынатын бөлме, кинотеатр, лифт, кеңсе бөлмесі, кітапхана, жабық бассейн, Орта Азияның оюларымен әшекейленген бөлмелері де бар екен. 12 көлікке арналған көлікжайы да бар.


© stacygottula.com

Сонымен қатар, Лола Моника Белуччимен кешкі асқа 190 мың еуро (290 мың доллар) төлепті. Оның үстіне ол 2009 жылдың 8 сәуірінде Париж мұражайында "Өзбекстан 2020" қорының ашылу салтанатына орай қонақтарды қайырымдылық кешіне шақырған. Онда Ислам Кәрімовтің кенже қызы Изабель Аджаниді шақыруды жоспарлаған екен, бірақ ол бұл шақыртудан бас тартыпты. Ал 190 мың еуро төленген Белуччи кешкі ас кезінде кішкене ғана сөз сөйлеген.

Сондай-ақ, Кәрімовтер отбасы әлемдегі қымбат тұрғын үйлерді сатып алуға бірнеше келіссөз жүргізген. 2010 жылы Лола Кәрімова-Тилляева Щвейцариядағы құны 43 миллион тұратын үйді сатып алған. Ал 2009 жылы президенттің үлкен қызы Гүлнар Кәрімова Швейцариядан 18 миллион доллар тұратын үй сатып алған екен.

Айта кетейік, Гүлнар мен Лола бір-бірімен он жылдан аса уақыт араласпайды екен. "Біз мүлде бөлек адамдармыз. Жақсы қарым-қатынаста болу үшін адамдардың қызығушылықтарында немесе әдеттерінде бір ұқсастық болу керек қой. Немесе ортақ бір көзқарас. Біздің жағдайда ондай ұқсастықтар болған емес және қазір де жоқ", - деді Лола Кәрімова басылымдардың біріне берген сұхбатында.

Мақаладағы мәліметтер ашық дереккөздерден алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети