14 ақпан 2018 12:17

Олимпиада және "Алтын белгі": 16 жастағы Аяулым Әмренованың арман-мұраты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 16 жастағы Аяулым Әмренова қатысты. Фристайлшы қызымыз могулдан ақтық сынға жолдама ала алмағанымен, оның өнері көрермендерге ұнағаны сөзсіз. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында спортшы қыз Олимпиададан алған әсері және спорт пен сабақтарды қалай бірге алып жүргені жайында айтып берді. 


Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 16 жастағы Аяулым Әмренова қатысты. Фристайлшы қызымыз могулдан ақтық сынға жолдама ала алмағанымен, оның өнері көрермендерге ұнағаны сөзсіз. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында спортшы қыз Олимпиададан алған әсері және спорт пен сабақтарды қалай бірге алып жүргені жайында айтып берді. 

"Өнер көрсете алғаныма қуаныштымын және мақтан тұтамын. Бұл менің алғашқы Олимпиадам болғандықтан көңілім түскен жоқ, бәрі алда. Келесіде өте жақсы көрсеткішке қол жеткізетініме сенімдімін", - дейді Аяулым.  

Жарыс кезінде спортшы қызға әкесі қолдау көрсетті. "Әкем бірге келді. Қолдау мықты болды. Бүкіл еліміздің қолдағаны сезіліп тұрды. Маған жазып, құттықтап, қолдау білдіргендер көп. Жанкүйерлеріміздің осындай белсенді екені қуантады. Баршаңызға рахмет", - дейді спортшы. 

Жарыс кезінде Қазақстан туын ұстаған ер адам бірден көзімізге түскен еді. Сұхбат кезінде ол отандастарын қолдауға келгенін айтқан. Оның Аяулымның әкесі екенін білгеннен кейін "Неге қызыңызды қолдауға келгеніңізді айтпадыңыз?" деген сұраққа ол "Сіздер сұрамадыңыздар ғой" деп қана жауап берді. 

"Жай ғана спортпен айналыстық, оқыдық, бұл көп жылғы еңбек. Олимпиадада өнер көрсете алғанымыз өте қуанышты, қызымның жасы 16 ғана. Ары қарай тағы дамып, келесі ойындарға барлық қателіктерімізді түзеп, дүниені дүр сілкіндіреміз", - дейді Серік Әмренов. 

Фристайлшы қыз 11-сыныпта оқиды және "Алтын белгіге" үміткер.

"Енді үйге қайтып, мектептегі сабағыма оралуым керек, алда "Алтын белгі" күтіп тұр. Сәуірде жастар арасындағы әлем чемпионатына барамыз, ол жақтан жүлдемен ораламын деген ойдамын. Сабаққа көп уақыт бөлемін. Спорттың орны бөлек, әрине, бірақ, білім алу керек. Өмір бойы осы спорт жеткілікті деп ойлау - қателік. Спорт бірінші орында болғанымен, оқудан алыстамаймын", - дейді Аяулым. 

Ал сабақ үлгерімін жақсы білім алу керектігімен түсіндірді. "Сүйікті пәндерімнің барлығы ғылыми - химия, физика және алгебра. Басында қиындау болды, көп жүресің, жерсіну керек. Бірақ ынтаң болса, бәрін де істеуге болады", - дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети