Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.17
EUR / KZT - 401.25
CNY / KZT - 51.84
RUB / KZT - 5.31

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болдым". Не істеу керек?

02 Сәуір, 10:15
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық деген не?

Тұрмыстық зорлық бір адамның екінші адамға не туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі. Бірінші кезекте, отбасы ішіндегі зорлық. Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар деп некелі-отбасылық қатынастағы, бірге тұратын немесе бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы қарым-қатынасты айтамыз.

Мысалы, әйелі мен күйеуі, бірге тұратындар, ағасы-қарындасы, әкесі-ұлы, әкесі-қызы және тағы сол сияқты.

Тұрмыстық зорлықтың 4 түрі болуы мүмкін:

1. Физикалық зорлық - денсаулыққа қасақана физикалық күш немесе физикалық ауыртпалық көрсету;

2. Психологиялық зорлық - бұл адамның эмоциясына немесе психикасына әсер ету: қорқыту арқылы, қоқан-лоқы көрсету, балағаттау, сынау, кінәраттау және тағы сол сияқты әрекеттер;

3. Сексуалдық зорлық - басқа адамға қатысты сексуалдық сипаттағы кез келген әрекетті қолдану;

4. Экономикалық зорлық - бөгде біреудің ақшасын немесе басқа да материалдық ресурастарын (тұрғын-үй, тағам, киім) бақылап, оны жұмсау. Бұл адамның денсаулығына физикалық және психикалық тұрғыдан әсер етеді.

Бірақ зорлықтан қорғау туралы ережелердің барлығында ер адамдардың да әйел адамдар сияқты жиі зорлық құрбандары болатыны айтылады. Келіп түскен өтініштердің шамамен 10 пайызы ер адамдардан екен. Ер адамдар да белгілі инстанциялар мен ұйымдарға барып, кеңес ала алады.

Алматы қалалық ІІД әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесі өкілдерінің мәліметінше, инспекторларға ай сайын 100 өтініш (құқық бұзушылық, ажырасу жөнінде кеңес алу, мүлік мәселелері және тағы басқа) келіп түседі. Хаттардың басым бөлігі физикалық және психологиялық зорлық деректері бойынша.

2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда қайда бару керек?

Отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Осылайша бұл тұрмыстық зорлық құрбандарына көмек көрсету мәселесін қиындатады. Әйелдердің көбі бұл жайлы айтуға қорқады, туыстары мен жақындарынан ұялады. Сондай-ақ, олар бұл жағдайдан кейін ажырасамыз деп қорқады.

Тұрмыстық зорлық құрбаны болғандармен жұмыс істейтін ішкі істер органдары мен басқа да мамандардың мақсаты - отбасыны ажырастыру емес. Мамандар әйелдерге қажетті көмек беріп, тіпті уақытша баспана ұсынады. Бірақ мұндай кезде әйелдер өзі шешім қабылдайды.

Тұрмыстық зорлық құрбаны болған адамға көмекке жүгінуге болатын 4 нұсқаны ұсынамыз. Ол мамандар бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста, қажет болған жағдайда басқа құрылымға жібере алады.

1. Полиция. 102

Әйел адам тұрмыстық зорлық дерегі бойынша жазған өтініште ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы ("Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер"), 73-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру"), 73-бабының 2-бөлігі ("Ұрып-соғу") сипат алса, әкімшілік материалдар жиналады. Учаскелік инспектор ол материалдары Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданады.

Cондай-ақ, тұрмыстық зорлық жайлы өтінішті физикалық тұлғалар ғана емес, заңды тұлғалардың да қалдыра алатынын айтып өту керек. Мұнымен қоса, ІІД өкілдерінің мәліметінше, өтініш қалдырушылардың шамамен 80 пайызы өтініштерін қайта алып келіп жатады. Бұл жағдайда тараптар татуласады.

2. Полиция. Әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесі.

1998 жылы Қазақстан полициясы әйелдерді барлық дискриминация түрінен қоғау жөніндегі Конвенциямен жұмыс істей бастады. Ал әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесі 1999 жылдың 19 ақпанында пайда болды. Бүгінде мұндай бөлімшелер Қазақстанның барлық қаласында жұмыс істеп жатыр.

Бөлімшелердің басты мақсаты - конституциялық құқықты қорғау, әйелдер мүддесі мен олардың бостандықтарын қорғау, құқықтық көмек көрсету. Сондай-ақ, бұл бөлімшелер ішкі істер органдарымен бірге жұмыс істейді - криминалдық полиция, тергеу органдары, ювеналдық полиция, сондай-ақ, әйелдер мәселесі жөніндегі комиссиямен бірге. Нөмірлерін мына жерден көре аласыздар.

3. Әкімдік.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комитет.

4. Әйелдерге арналған баспана.

Әйелдерге арналған баспананың барлығы дерлік  үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен (яғни, демеушілердің қаражатымен) пайда болды. Олардың есімдері буклеттер мен БАҚ беттерінде жарияланбайды. Бұл сол ұйымға көмекке жүгінетіндердің қауіпсіздігі үшін жасалған. Айта кетейік, мұнымен қоса, мемлекеттік баспаналар да бар.

"Тұрмыстық зорлық құрбандары болғандарға арналған дағдарыс орталығы". Сенім телефоны (аты-жөні аталмайды, тәулік бойы жұмыс істейді - 150. 8 777 2255326, +7 771 5079304. 

4. Тұрмыстық зорлық көрсеткен адам қалай жазаланады?

ҚР Қылмыстық кодексінің 106, 107 және 99-баптарына көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

- 106-бап ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") - бас бостандығынан шектеу, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

- 107-бап ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") - 1 000 айлық көрсеткіш көлеміндегі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не бас бостандығынан айыру.

- 99-бап ("Адам өлтiру")  - 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Жазаны ауырлататын жағдайлар болса 20 жылға дейін бас бостандығынан айырып немесе өмір бойына бас бостандығынан шектеу (мүлкін тәркілеу).

Сондай-ақ, тұрмыстық зорлықты жеке алдын-алудың түрлері бар:

- профилактикалық әңгімелесу;

- тұрмыстық зорлық жасаған адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жайлы хаттама толтыру үшін оны ішкі істер органдарына жеткізу;

- қорғау нұсқамасы - 30 тәулікке дейін;

- әкімшілік жолмен ұстау;

- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;

- құқық бұзушыларға қатысты ерекше талаптарды белгілеу, мысалы, алкоголь, есірткі заттарын қолданбау;

- ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру.

Көрсетілген ережелерді бұзған жағдайда жазаны қатаңдату қарастырылған.

Шешімді ішкі істер органдарының қызметкерлері немесе соттағылар қабылдайды.

Материал Алматы қалалық ІІД әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Ақбота Әбілқасымованың  (+7 (727) 254 45 99) қолдауымен дайындалды.

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай