20 тамыз 2018 11:32

Владивостоктан келген келіншек қалай қазақ отбасына келін болып түсті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/oryskelin © instagram/oryskelin

Владивосток қаласының тумасы Анна Коурова Қазақстанның жігітіне тұрмысқа шығып, Алматыда тұрып жатқанына 10 жылдай болған. Келіншек отбасында таңғалдыратын қандай дәстүрлер ұстанатыны жайлы айтты, - деп жазады Comode


Владивосток қаласының тумасы Анна Коурова Қазақстанның жігітіне тұрмысқа шығып, Алматыда тұрып жатқанына 10 жылдай болған. Келіншек отбасында таңғалдыратын қандай дәстүрлер ұстанатыны жайлы айтты, - деп жазады Comode

Аннаның айтуынша, күйеуімен ол Жапонияда танысқан. Мамандығы бойынша ол маркетолог және жапон тілінен аудармашы. Қазір оның отбасында үш бала бар, барлығы ұл. 

"Біздің отбасымыз көп ұлтты. Менің енем ұлты бойынша украин болып шықты. Осылайша отбасымызда үш "орыс келін". Сәйкесінше күйеуімнің әкесі қазақ. Менің енемнің талғамы, киіну стилі, әзіл-оспақты түсіне білуіне ешкім тең келмейді. Жас келіншектерге арналған бір журнал бар еді. Сол жерде енеңмен жақсы қарым-қатынаста болғың келсе күйеуің жақсы көретін тамақтың мәзірін сұрап көр делінген еді. Мен сол кеңеске жүгініп, мәзірді сұрауға енеме хабарласқан болатынмын. Сөйтсем енем менің ол қылығымды біліп қойған екен. Қазір сол кез есімізге түссе бір күліп аламыз ", - дейді ол. 

"Қазақстанға көшіп келгенімде бірден қазақ тілін меңгере бастауды ұйғардым. Бірнеше тіл курстарына бардым, жаттықтырушымен бірге үйрендім. Кейін топтық курсқа барып тілімді бастапқы деңгейге дейін меңгердім. Қазір қазақ тілін көп қолдануға тырысамын. Балаларыммен өз туған тілінде сөйлесемін", - дейді Анна. 

Анна Instagram әлеуметтік парақшасында өзінің басынан өткен қазақи отбасына келіп түскен орыс келіні жайлы, отбасыға қатысты бірнеше кеңес туралы жазып отырады.

"Үш жыл бұрын мен Instagram әлеуметтік желісінде қаза болғандарға көңіл айту туралы ең алғашқы жазбамды жаздым. Достарыма ұнап, олар "Жаза бер, өте қызық" деп, мен Қазақстандағы орыс келіні туралы пост жаздым. Барлығы бірден пікір жаза бастап, репост жасай бастады. Ол жазбам сонша адамның қызуғышылығына иеленеді деп те ойламаппын. Алайда күйеуім менің Instagram-дағы блогым болғанына үзілді-кесілді қарсы. Себебі, оның айтуынша, ол көп уақытты алады. Сондықтан мен өз жазбаларымды тек күйеуім ұйықтағаннан кейін бірақ жазамын", - дейді Анна. 

"Қазақ халқы дәстүрлерінің ішінде мен үшін біртүрлі болып қала беретіні қызды оның қалауынысыз алып қашуы және ең бірінші баланы ата-ененің тәрбиесіне беріп қою. Әйел затын өз еркінсіз алып қашқан жігіттерді көрсем қаным қайнайды. Ал екінші дәстүрге келер болсам атам заманнан келе жатқан ұстаным болғандықтан ештеңе дей алмаймын. Алайда менің ойымша ол дұрыс емес", - дейді келіншек. 

"Ал ең жақсы көретін дәстүрлерге тоқталар болсам, ол асар мен тұсаукесер. Сонымен қатар, ұзату тойда жыламаған күнім болмапты. Неткен әдемі дәстүр, қыз бала төселген ақ матаға ата-анасымен өте мұңлы әуенде қоштасып кетіп бара жатады", - дейді Анна. 

"Болашақта менде енем секлді дана болып, басқа түскен кезеңдерге аса сабырлықпен қарап, шешімдерді ақылмен қабылдаймын деген ойдамын. Болашақ немерелеріммен сапарға аттанып, міндетті түрде қазақи нақыштағы камзол киетін боламын", - деп әңгімесін бөлісті Анна. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети