16 желтоқсан 2018 08:36

"Риелторлар мазаламасын". Неге 48 риелтор бір пәтерді ұсынады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Риелторлар мазаламасын". Бұл сөздерді әрбір пәтер сату немесе жалға беру хабарландыруында байқауға болады. Ал әлеуметтік желілерде тұрғын үйді делдалдың көмегінсіз тікелей сату жөніндегі топтар аса танымал болып барады. Себебі адамдардың көңілі риелтордың жұмысына жиі толмай жатады. Бірақ мәселенің кері тұсы қандай? Біз ұнатпайтын қарапайым риелторлар не дейді? Tengrinews.kz журналисі Әйгерім Әбілмажитова тұрғын үй нарығының өкілдерімен әңгімелесіп көрді.


"Риелторлар мазаламасын". Бұл сөздерді әрбір пәтер сату немесе жалға беру хабарландыруында байқауға болады. Ал әлеуметтік желілерде тұрғын үйді делдалдың көмегінсіз тікелей сату жөніндегі топтар аса танымал болып барады. Себебі адамдардың көңілі риелтордың жұмысына жиі толмай жатады. Бірақ мәселенің кері тұсы қандай? Біз ұнатпайтын қарапайым риелторлар не дейді? Tengrinews.kz журналисі Әйгерім Әбілмажитова тұрғын үй нарығының өкілдерімен әңгімелесіп көрді.

Жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі жеке агент Әсел Ибрагимова

Менің ойымша, пәтерді жалға берумен айналысатындар риелтор емес делдалдық етушілер. Олар хабарландыруды көріп, үй иесімен кездесуге келіседі де, клиентті алып келеді. Өзім де осылай жұмыс істегенмін, бірақ онда адам көп.

Әр агенттікте орта есеппен 10-20 адамға дейін болады. Бір тапсыру нысанына 48 риелтор келеді. Аукцион жасайтын, клиенттер өзара сөзге келіспей қалатын немесе риелторлар төбелесетін кездер де болады.

Меніңше, сол 10-15 мың теңге үшін ұсақтанудың қажеті жоқ. Мен үшін бір-екі ай ақша таппасам да жүгіріп, еңбек етіп, бірақ соңында өзім қанағаттанатын нәтиже көрген маңызды. Ал жалға беруде ше ... клиентті алып келдің, кейін бәрі сені ұмытып кетті.

Ал жылжымайтын мүлікті сатуда бәрі басқаша. Өйткені тұрғын үйді қысқа мерзімге жалға аласың, ал мүлікті бір-ақ рет сатып аласың. Сондықтан пәтер сатқанда, сіз тұрғын үйдегі мүлік туралы сатып алушы немесе үй иесінен артық білу керексіз. Ол қандай жағдайда, қалай, қашан салынғанынан бастап, объектіде болған оқиғаға, тіпті болашақтағы жағдайы қандай екенін болжайсың. Бұл тәжірибемен келетін нәрсе, себебі барлығын Интернеттен оқып-көре алмайсың.

Өзімді жылжымайтын мүлік агенттерінің қатарына қосамын, жеке басым риелторлардан артық жұмыс істеймін деп ойлаймын. Себебі мәміленің басынан аяғына дейін сүйемелдеймін. Мен пәтердің өңін келтіру үшін өз қаражатыма техника, жиһаз әкелтіп, клининг жасата аламын.

Жағдайға қарай комиссия алынады. Әдетте келісім сомасының бір пайызы беріледі. Бірақ күрделі жағдайда 100 мың теңгеге де жұмыс істейміз, бастысы ненің қалай екенін түсіндіру керек. Риелторлар да адам.

Есімде, бір әже көмек сұрап келген, ол барлық затын сатып, қолында 15 миллионы бар екен. Мен ол кісіден комиссия алмадым.

Бірақ келісімге отырғаннан кейін ол маған тегін жұмыс істеуге болмайды деп ішінде 150 мың теңгесі бар конверт берді. Ал кейде, бір қарасаң байсалды, тұсы суық ер адам келеді, бірақ іс біткенде ақшасын төлемей қашып кеткісі келеді.

Жұмыс істеп енді бастағанда, жолымда теріс пиғылды адамдар жиі кездесетін. Маған барлығы ұяты бар, кез келген жұмыс үшін ақы төлеу керектігін білетін жандар болып көрінетін. Бірақ қателесіппін, клиенттер комиссия төлегісі келмеді. "Мен заңгермін, не істесең де өзің біл, төлемеймін" дейтіндер де болған. Мұндай заңгерлер кейін сотта жеңілетін. Иә, кейде сотқа жүгінуге тура келді. Бірақ қазір қуанышыма қарай мұндай жағдайлар кездеспейді.

"Риелторлар мазаламасын" сөздері жайлы. Иә, мұндайды телефоннан етимін. Кейде адамдарға тез арада пәтер тауып беру керек болады. Сонда риелторлардың жалпы базасымен жұмыс істейсің. Ал керек үйді тапқанда, хабарласып: "Сізді риелтор алаңдатып тұр, бірақ мен пәтеріңізді сату үшін хабарласып тұрған жоқпын, клиент бар, маған ақы төлеудің қажеті жоқ" деймін. Сонда адамдар сөйлесуге әзір және телефонды қоя салмайды. Иә, қайта-қайта қоңырау шалатын риелторлар да болады. Осындай әріптестерімнің кесірінен негатив туады деп ойлаймын.

Негізінде, риелтор болған оңай емес. Адамдар жиі сенімсіздік танытады. Сонымен қатар, пәтер аралап жүрген көп уақытты алады, себебі біздің қоғам мүшелері туыстарымен ақылдасып, барлығына пәтерді көрсетіп, олардан мақұлдау алғанды жақсы көреді. Сатып алушыларға үй ұнауы мүмкін, бірақ олар барлығына көрсетіп, сұрап болғанша, кейде мүмкіндігін жоғалтып алады.

Жылжымайтын мүлік бойынша танымал сайттың риелторы

Бірі жаман болса, екіншісі де сондай секілді. Біліктігі жоқ адамға немесе алаяққа тап болса, барлығы сондай деген пікір қалыптасады. Маманданбаған дәрігерлер де болады емес пе, бірақ бәрін жаман деп айтуға болмайды ғой.

Адамдар біз бір пәтерлерді көрсете береді деп айтады. Бұл жәй ғана бәсеке. Бір өнім бірнеше дүкенде сатылады емес пе, ал адам қайда баратынын өзі шешеді.

Бізде арнайы база бар, оған тіркелген риелтор барлығында бар ақпаратқа қол жеткізе алыды.

Мен пәтерді бірден бірнеше клиентке көрсетемін бе? Жоқ. Олай ешқашан істемеймін және әріптестерім неге ондай әрекетке баратынын білмеймін. Бірақ кейде үй иелері бірнеше адамды әкелуді сұрайды. Сіз риелторға шағымданатын клиент туралы айтасыз, бірақ таяқтың да екі ұшы бар, олар өздері жасаған қателіктерді ұмытып кетеді. Кейде клиент пәтер көруге келмейді, сол арқылы біздің де, үй иесінің де уақытын алады. Ондай жағдайды неге екені белгісіз айтпайды.

Ғалым Ысқақов, Қазақстанның жылжымайтын мүлік брокерлері қауымдастығының президенті

Басында жалға берумен айналысатынбыз, бірақ ол сегменттен тез арада кеттік. Біріншіден, онда қашан қарасаң хаос. Білімі, дағдысы мен жауапкершілігі жоқ кез келген адам өзін риелтормын дейді, содан кейін қиындықтар пайда болады. Сондай-ақ бұл сарқылмас күш-қуатты қажет етеді. Оған көп қызметкер жұмылу керек, көлік пен бензин шығыны тағы бар. Сондықтан біз қызмет көрсетуді пәтерлер сату/сатып алуға дейін қысқарттық.

Кей жағдайда жылжымайтын мүлік агенттігінің көмегі қажет болады. Мысалы, адамдар ипотеканы ресімдегенде, ішіндегі ұсақ-түйек нәрселерін білмейді, сондықтан оларға фирма арқылы жұмыс істеген ыңғайлы. Сондай-ақ, келісімді заң бойынша тексереміз немесе мысалы, тізімдеме жасаймыз.

Тізімдеме не үшін керек? Үй иесі пәтерді барлық жиһазымен бірге сатады, бірақ көшіп келгенде үй қаңырап бос тұрады. Сатушы барлығын алып кеткен. Осындай жағдайға жол бермес үшін, суретке түсіріп, тізімдеме жасалады.

Өзімізді риелторлар деп аталғымыз келмейді. Өйткені, халықтың санасында 90-шы жылдардағы "қара риелторлармен" байланысты ой қалыптасуы мүмкін.

Әр тұтынушыға біздің басқаша жұмыс істейтінімізді, "ақ", "сұр", "қара" риелторлар бар екенін түсіндіріп отыра алмайсың. Сондықтан абстракттануды шештік. Бірақ айта кету керек, халықтың біз туралы ойы жақсы жаққа ығысып барады.

Ең бастысы - сатып алушының жауапкершілігі. Пәтер таңдау өте маңызды іс. Орта есеппен адам өмірінде көп дегенде үш пәтер сатып алады. Сондықтан бұл мәселеге шындап қарау керек.

PS. Көріп тұрғандарыңыздай, кез келген мамандық сияқты, риелторлардың жұмысында да өзгешелік бар. Әркім олардың қызметіне жүгіне ме, жоқ па өзі шешеді. Есіме бір жағдай түсіп отыр, риелтор пәтерге мені және тағы да үш клиентті алып келген, сонда біз ол үшін, сөздің ашығы, төбелесуге тура келген! Ал сіз қандай риелторға кезіктіңіз?

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети