10 қыркүйек 2024 | 16:31

Ажырасқан, тұл, жесір: елімізде қанша отбасы бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney Midjourney

Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Елімізде қанша жалғызбасты ана мен әке бар, қанша отбасы бар? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. 


Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Елімізде қанша жалғызбасты ана мен әке бар, қанша отбасы бар? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. 

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл қаңтардан маусымға дейін Қазақстанда 57,5 мың жаңа отбасы пайда болған. Ал былтыр осы кезеңде 53,8 мың неке тіркелген еді. 

2021 жылғы ақпарат бойынша, елімізде 8 миллионнан аса адам некеде тұр, оның 800 мыңға жуығы некесін тіркемеген. 

Елімізде тұл ер адам саны - 130 мың, жесір әйел  - 600 мыңға жуық. Некесін бұзған адам саны 800 мыңға жуық. 

Бұдан басқа, Қазақстанда 15-19 жас аралығында 35 тұл еркек пен 119 жесір әйел бар. 

Былтыр қарашада 557 300 көпбалалы отбасы жәрдемақы алған еді. Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынды. 

Айта кетейік, 2009 жылғы халық санағы бойынша республикадағы отбасы саны 4 022 388 болған. 

Еске салайық, 2009 жылы елдің ұлттық комиссиясы Қазақстанда Отбасы күнін ұйымдастыруды және оны 15 мамырда, Халықаралық отбасы күнімен бір күнде атап өтуді ұсынды.

Алайда 2013 жылы наурызда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша, елде жаңа мереке – Отбасы күні пайда болды және оны тойлау күні қыркүйектің әр екінші жексенбісі ретінде бекітілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети