26 мамыр 2014 10:00

Әкім болу әйелдің қолынан келмей ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Еліміздегі әкім әйелдердің үлес салмағы 221-ді құрайды екен. Нәзікжандылардың әкім креслосында отырғандардың ең көбі Ақмола облысында көрінеді. 49 әйел аудан ауылдағы әкімнің портфелін көтеріп жүр екен. Одан кейінгі орында Алматы облысы болса, Қостанай да қалыса қоймайды. Мұнда 44 әйел ауыл әкімі атанып жүр. Ал әйел-әкімі жоқ өңір Оңтүстік Қазақстан облысы болып тұр. Мұнда бірде бір әйел әкім болып жүрген жоқ. Оларға әзірге әкімнің орынбасарлығынан басқа жасыл жанбай тұр.

Ең биік қызметтің құлағын ұстаған деп Ләззәт Смағұлованы атауға болатын сияқты. Ол облыс әкімі аппаратының басшысының орынбасары қызметін атқарып жүр. Одан кейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, Төле би ауданының әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаева, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешенқұловалардан басқа әкімдіктің ауылына қоныс тепкендер аз... Кезінде Сарыағаш ауданының әкімі болған Оразкүл Асанғазиевамен бірге әкім әкім-әйелдердің көші Астанаға көшіп кеткендей әсер қалдыратыны бар. Оразкүл апамыз әкім болу әйелдің де қолынан келетінін дәлелдеп берген болатын. Сарыағаш ауданын басқарып жүрген уақытында Оразкүл апайымыздың халық үшін тындырған тірлігін жұрт әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. Бір ғана мысал, ауданды аралап жүргенінде бір шаруашылықтағы малдың жайын білмек болып бұрылады. Барса қораның алды толған малақ, батпақтан аяқ алып жүргісіз дейді. Әкімнің қасында басшысы бар, қосшысы бар өңкей еркек қораға қалай кірерлерін білмей аңтарылып қалса керек. (Бүгінгідей емес, әкім келе жатыр десе көшеге дейін сыпырып қоятын уақыт емес ол кезде). Сөйтсе Оразкүл апамыз әлгі батпаққа аяғын малып, өзі бастап малаққа малшынып қораға бастап кіріп кетеді. Артында қалғандары да амалсыз еруге тура келіпті...

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети