“Астанаға ұқсайтыны ызаны келтіреді“. Жаңа аудандардың салынуы Алматының келбетін қалай өзгертіп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Астанаға ұқсайтыны ызаны келтіреді“. Жаңа аудандардың салынуы Алматының келбетін қалай өзгертіп жатыр? Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Алматы қарқынды өсіп, дамып келеді: тұрғын үй кешендері бірінен соң бірі бой көтеріп, кептеліс ұзарып, халық саны артып жатыр. Қаланың келбеті де өзгерді. 


Алматы қарқынды өсіп, дамып келеді: тұрғын үй кешендері бірінен соң бірі бой көтеріп, кептеліс ұзарып, халық саны артып жатыр. Қаланың келбеті де өзгерді. 

Наурызбай ауданы - Алматының ең жаңа аудандарының бірі. Ол 2014 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының бір бөлігі қалаға қосылғаннан кейін құрылды. Қазір Наурызбай ауданы әлі де негізінен жеке сектордан тұрады. Бірақ жағдай көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Мұнда көпқабатты тұрғын үй кешендері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап келеді. Шұғыла ықшамауданы соның айқын мысалы.

Tengrinews.kz тілшісі 2026 жылы "жаңа" Алматы қалай көрінетінін тамашалап, жергілікті тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысу үшін осы ауданға барып қайтты.

Астана вайбы

Қаланың басты күре жолы - Абай даңғылы 2021 жылы Наурызбай ауданына дейін ұзартылды. Бұл ауданға ең жақын метро бекеті Момышұлы көшесінде орналасқан, ол 2022 жылы іске қосылды. Жуырда мұнда келесі "Қалқаман" бекеті ашылады. Билік бұл бағытта метро құрылысын жалғастырып, желіні осы ауданның басты даңғылы - Алатаудың бойымен жүргізуді жоспарлап отыр.

Қазір бұл - Абай даңғылы мен Ташкент жолын жалғайтын айтарлықтай кең төрт жолақты жол. Ортасына раушан гүлдері егілген.

Проспект Алатау, АлматыФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Тротуарлар веложолдармен біріктірілген жаяу жүргіншілер аймағынан тұрады.

микрорайон ШугылаФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Абай даңғылы жағынан Шұғыла ықшамауданына кіргенде, ең әуелі әкімшілік ғимараттар кешенін көресіз: мұнда Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы да, Халыққа қызмет көрсету орталығы да бар.

Центр инновационного творчества школьников, Наурызбайский районФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Центр обслуживания населения, Наурызбайский районФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дәл осы жерде Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот пен Наурызбай ауданының әкімдігі орналасқан.

Специализированный межрайонный суд по уголовным делам, Наурызбайский районФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

акимат Наурызбайского районаФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жолымыз болды, бұл күні әкімдік алдында Мемлекеттік рәміздер күні тойланып жатты. Мұнда мектеп оқушылары, сарбаздар, полицейлер мен мемлекеттік қызметшілер жиналыпты. Міне, олар Қазақстан туының көтерілуін күтіп тұр.

Поднятие госфлага у акимата Наурызбайского района Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ал мерекелік шара өтіп жатқан тұста, артқы фонда жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүріп жатыр.

Госслужащие у акимата Наурызбайского районаФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл әкімшілік ауданның абаттандырылуы жаман емес. Тротуарлар, жасыл желек.

Аллея у площади Наурызбайского районаФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сот маңындағы күркеде екі әйелді кездестірдік. Олардан ауданның қандай екенін сұрадық. Сөйтсек, олар мұнда тұрмайды екен, бірақ бірнеше ай бойы қаралып жатқан істердің бірі бойынша сотқа шақыртумен келіп жүр.

"Шынымды айтсам, маған бұл аудан ұнамайды. Мұның Алматыға емес, көбіне Астанаға ұқсайтыны ашуландырады. Оны не дейді... "адам құжынаған үйлер" ме?" - дейді сұхбаттасымыз көшенің төменгі жағындағы тұрғын үй кешендеріне қарап сөзін сабақтап.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл ауданда Алматыда жүргеніңізді шынымен оңай ұмытып кетесіз. Алатау даңғылының төменгі жағына қарасаңыз, қаптаған үй. Расында да, Астанадағы тұрғын үй құрылыстарын еске түсіреді.

Плотная многоэтажная застройка в Наурбайском районеФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бірақ басыңызды кері бұрсаңыз, алматылықтар үшін үйреншікті тау көрінісі ашылады. Бұл аздаған диссонанс тудырады.

Вид на горы с Наурызбайского района АлматыФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Әсіресе көзге түсетіні - мұнда күндіз де адам өте көп. Балалар арбасын итерген аналар мен әжелер көптеп кездеседі.

Аллея, по которой идут люди, микрорайон ШугылаФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жалпы, мұнда балалар Алматының басқа аудандарына қарағанда әлдеқайда көп сияқты сезіледі. Содан болар, мектептер, балабақшалар мен ойын алаңдары да көп.

"Тұрмысымыз жақсы. Осыдан 5–6 жыл бұрын судан ақау шығып, жарық өшіп тұратын. Қазір жақсарды. Мұнда жақын жерде "Апорт" пен "Алтын орда" (сауда орталығы мен базар - ред. еск.) бар, автобуспен 10 минутта жетесіз. Метро да өте жақын, автобуспен 15 минуттық жер. Сондықтан бәрі жақсы", - дейді баласымен серуендеп жүрген жергілікті тұрғын.

Детская площадка, микрорайон Шугыла Фото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Басқа сұхбаттасушыларымыз тұрақ орындарының тапшылығына шағымданады. Күндізгі уақытта, жұрттың бәрі жұмысқа кеткен кездің өзінде мұнда көлік өте көп қойылғанын байқадық. Кешке олардың саны, әрине, бұдан да арта түседі.

Много машин на парковке у ЖК в микрорайоне ШугылаФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жақында Tengrinews.kz редакциясы Наурызбай ауданының өрт сөндірушісімен сұхбат жасаған болатын. Ол Шұғыла ықшамауданынан сәл төмен орналасқан "Alma City" тұрғын үй кешеніндегі өртті қалай сөндіргендерін айтып берді. Сол кезде құтқарушы өрттің күндіз болғаны арқасында "жолдары болып", көпқабатты үйге жедел жетіп, автосаты арқылы адамдарды эвакуациялай алғандарын атап өткен еді.

"Ең қорқыныштысы әрі қиыны - түнде шығу, әсіресе жаңа тұрғын үй кешендеріне. Біздің Наурызбай ауданында бұл үлкен мәселе. Қалған жағдайда біз үйреніп кеткенбіз, мұндай өрттерде техниканы жолда қалдырып, ары қарай магистральді желілер мен өрт сөндіру жеңдерін созып, қолда бар мүмкіндікпен жұмыс істейміз", - деген еді өрт сөндіруші.

Ал мұндай тығыз құрылыс кезінде автосаты туралы ұмытуға тура келеді, ол көлік қаптаған тар көшелермен өте алмайды. Жолды ашу үшін 102-ні шақыру керек, бірақ бұл алтын уақытты алады. Сондықтан көліктің көптігі мен тұрақ орындарының тапшылығы Наурызбай ауданында өте өзекті мәселе болып тұр.

дворы между ЖК в микрорайоне Шугыла заставлены машинамиФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дегенмен тұрғын үй кешендері арасындағы көшелер жақсы абаттандырылған. Мұнда төсеме тастар да, газондар да, жас ағаштар мен әткеншектер де бар.

Улочка между ЖК в микрорайоне ШугылаФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Благоустройство в микрорайоне ШугылаФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дегенмен Ташкент жолына жақын орналасқан тұрғын үй кешендеріне абаттандыру жұмыстары әлі жете қойған жоқ. Ол жерде тротуарлар бар, бірақ ағаштар мен көгалдарды табу қиын.

Бұл ретте Шұғыла бір жағынан жеке сектормен шектеседі.

Частный сектор в Наурызбайском районе АлматыФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ал екінші жағында - ықшамауданда алып құрылыс алаңы қоршалып қойған, оның қоршауларында "Жақында жаңа тұрғын үй кешені бой көтереді" деген жазу жарқырап тұр.

строёплощадка с надписью на заборе "Скоро новый жилой комплекс", ШугылаФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Алатау даңғылы бойында мұндай құрылыс қоршаулары көп.

строительная техника вдоль проспекта АлатауФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жеке сектормен "текетіресте" бұл жерде жуырда көпқабатты құрылыстың жеңіске жету ықтималдығы жоғары.

Наурызбай ауданының халқы төрт жылда 76 мыңға өсті

Бұл ауданда әлі де жеке сектор басым болғанымен - былтырғы жылдың соңына қарай мұнда 23 535 үй болған. Бұл 2021 жылдың басынан 2025 жылдың соңына дейінгі статистикалық мәліметтер ұсынылған Наурызбай ауданының паспортынан белгілі болды. Біз оны жергілікті әкімдік сайтынан таптық.

Дегенмен 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін көппәтерлі үйлер саны шынымен де күрт өскенін байқамау мүмкін емес: 381-ден 612-ге дейін. Яғни, төрт жыл ішінде мұнда 231 көпқабатты үй бой көтеріп, өсім 60 пайыздан асқан. Осы кезеңде пәтерлер саны 14 304-тен 38 161-ге дейін артты. Төрт жылдағы өсім - 23 857 пәтер немесе шамамен 167 пайыз.

Окна жилого дома, Шугыла, АлматыФото: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сондай-ақ онда 2021 жылы Наурызбай ауданының халқы 163 мың адам болса, 2025 жылдың соңына қарай 239 мың адамға дейін өскені атап өтілген. Төрт жыл ішінде халық саны 76 194 тұрғынға, яғни 47 пайызға жуық артты.

Қызығы, статистика бойынша тек 2025 жылдың ішінде мұнда 33 мыңнан сәл астам адам қосылған - бұл шамамен күн сайын 91 жаңа тұрғын деген сөз.

Салыстыру үшін: Қонаевта (Алматы облысының әкімшілік орталығы) қазір 65 934 адам тұрады. Осылайша, төрт жыл ішінде Наурызбай ауданының халқы ол жерге тұтас бір шағын қала көшіп келгендей өзгерді. Ал аудан халқының жалпы саны қазіргі уақытта Талдықорған немесе Түркістанмен деңгейлес.

Тағы оқыңыз:

Жарты ғұмырың кептелісте: Талғарда тұрып, Алматыда жұмыс істейтіндердің күні қалай өтеді?

Авторы: Никита Данилин

Дайындаған: Айнұр Қапышова

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.09   559.45   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +29
Ақтау +24
Ақтөбе +19
Атырау +27
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +34
П
Павлодар +28
Петропавл +33
С
Семей +33
Т
Талдықорған +27
Тараз +30
Түркістан +26
О
Орал +29
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер