29 мамыр 2014 14:44

Азаматтығы жоқ азаматтарды өзіміз көбейтіп жатқан жоқпыз ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

turkystan.kz фото turkystan.kz фото

 ҚР «Азаматтық туралы» Заңындағы кемшіліктерді бұған дейін де жазған болатынбыз. Өкініштісі сол, бір кездері елімізді тастап кеткен беларус, украин, орыс, неміс ұлтының өкілдеріне азаматтық беруде бар жағдайын жасап қойған Заң шеттен келген қандастарымызға келгенде сараңдық танытып жатады. Кешелі бері әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында «Азаматтығы жоқ тұлға» атанған Қалқаман деген баланың жайы сөз болып жатыр. Азаматтық мәселесін үзбей жазып жүрген «Алаш айнасы» басылымы бұл мәселеге де арнайы тоқталуды жөн санады.

Біріншіден, бай-бақуаттылар келіндері мен әйелдерін АҚШ-та туғызу арқылы балаларына қос азаматтық алып беруде. Екіншіден, еліміздегі Ресей елшілігі мемлекет аумағынан шықпаған орыстарға азаматтық беру мәселесін жолға қойып тастаған. Үшіншіден, 3 жыл қазақстан азаматшасымен отасқан шетелдіктерге азаматтықты сыйлай салатын болдық. Заңымыз солқылдап, осының бәріне жол беріп қойғанымен, қандастарға келгенде тым қатал-ақ.

Мәселен, осы аптада оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігі мен халықаралық «Түркістан» газеті бірлесіп «Оралмандар: Азаматтық алуды оңтайландырудың жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіпті. Сол жиындағы екі фактіге назар аударыңыз.

Бірінші мәселе. Тоқтал Қабашұлы деген ақсақал отбасымен (6 адам) 2011 жылы Қарағанды облысының Абай ауданына көшіп келген. Отбасындағы 6 адамның екеуі азаматтық ала алмай қалған. Оған себеп, ол екі азаматтың отбасы мүшелерінен кеш көшіп келуі болыпты. Құзіретті органдар алдымен сотталмағаны және Моңғолия азаматтығынан шыққаны туралы анықтама талап еткен. Оны жасатып әкелген соң, Моңғолияда тұрғаны рас деген анықтама талап еткен. Сол анықтаманы алып келгенше, екі азаматтың Қазақстанда тұруы тиіс үш ай мерзімі аяқталып қалыпты. Осы екі аралықта алғашқы немерем дүние есігін ашты. Бірақ Абай ауданындағылар бұл жағдайға пысқырып та қарамай, азаматтық әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғап жіберген.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети