26 мамыр 2014 19:07

Барбидың орнына неге Қарақатты таңдамасқа?

ПОДЕЛИТЬСЯ

altaynews.kz фото altaynews.kz фото

 Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар Қарақат Әбілдина тыңдарман қауымның сүйікті әншісі. Жары Қыдырәлі Болманмен сахнада нақышына келтіре ән салатын ол осыдан бес жыл бұрын Астанадан мектеп студиясын ашқан-ды. Бастапқыда талабы таудай 30 бүлдіршіннің басын қосып, шәкірт тәрбиелеу жұмысын бастаған Қарақат бес жыл ішінде айтулы табысқа жетіп үлгеріпті. Қазір 170 баланы өнерге баулып, талабын ұштап жатқан Қарақат мектеп студиясы Елордадағы еңселі өнер ошағының баспалдағына айналды. 28 ұстаз сабақ беретін өнер мектебі музыкаға ғана емес, айтыс өнеріне де баулиды, жетіген, домбыра секілді ұлттық аспаптардан бөлек фортопиано, гитараны да үйретеді.

Мамырдың 28-і күні бес жылдық жұмыстың нәтижесін көрсетпек үшін Қарақат мектебінің шәкірттері концерт бергелі жатыр дегенді естігенбіз. «Қазақ эстрадасының жұлдыздары да бұл концертке қатысады», - дейді Қарақат Әбілдина бізбен әңгімесінде. «Неліктен мектеп студиясының шәкірттерімен бірге өнер жұлдыздары қатысады?», - деген сауалға әнші оның мәнін түсіндіріп, құпиясын ашып қойды: «Қыдырәлінің жетекшілігімен бұл кеш шоу сипатында өтпек. Әрі көрерменді таң қалдыратын біраз тосын сыйлар бар». Ең қызықтысы, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бұл кеште жұртты таңқалдырмақшы екен. «Айнұр Тұрсынбаева концерт барысында біздің жас өнерпаздармен айтысады. Біле білсеңіздер, Айнұр біздің мектеп студиямызда шәкірт тәрбиелеп, айтысқа баулуда. Соның нәтижесін концерттен көре аласыздар», - дейді Қарақат концертке дайындық турасында. Ал продюссер Қыдырәлі Болман концерт өткізудегі мақсатты өзінше салмақтайды. «Бала сахнаға шығып ән айтуды сезінуі керек. Сол себепті 2-3 ай сайын концерт өткізіліп тұрады. Бұған ата-аналар шақырылып, балаларының қай деңгейде өсіп келе жатқанын көреді. Сосын бала да көрерменге осылайша үйренеді. Сахнаға шыққанда аяғы дірілдемейтін, нақты қандай мақсатпен жүргенін санасына сіңіреміз. Қарақат мектеп студиясының ерекшілігі осы. Шәкірттердің арасында түрлі конкурстардың 47 лауреаты бар. Ешқандай мұғалім оларға сахнада қандай сезімде болу керектігін айтып түсіндіре алмайды. Сондықтан сөйлеуге, ән айтуғабаулып, сахнаға шығарып тұруды жөн деп санаймыз», - дегенді алға тартады Қыдырәлі.

Қарақат ӘБІЛДИНА, әнші:

– Бес жыл ішінде біздің санымыз артып, сапамыз жақсарды. Бұл мектепте негізгі басымдықты ұлттық өнерге бердік. Халық әндерін үйретуді қолға алдық. Кеше ғана Киевте өткен халықаралық байқауда біздің мектеп студияның шәкірті жүлде алды. Расында, біз шетелді эстрадалық әнмен таңқалдыра алмаймыз. Өзіміздің ұлттық өнеріміз болмаса, оларды мойындату оңай емес. Киевте өткен «Академия Евровидение» байқауында хас таланттар қатысқан болатын. Сайыс нәтижесінде қазылар ұлттық аспаппен ән айтқан өренімізге бір ауыздан бас жүлдені табыстады. Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық байқауда Жадыра деген шәкіртім бас жүлдеге ие болды. Бұл біздің ортақ жетістік. Негізгі мақсатымыз жасөспірімдердің ұлттық өнерге деген махаббатын арттыру.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети