19 маусым 2014 17:55

Баспана кезегін бақандай 50 жыл күтеміз бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

«Үмітсіз - шайтан» демекші, адам болғаннан кейін ең алдымен баспанаға қатысты үміт отын өшірмеуге тырысатынымыз бар. Бұрнағы жылдан мемлекеттік бағдарламаға құжат тапсырдық. Оған өтпей қалдық. Әлі де дәмеліміз. Тапсырып та келеміз. «Қолжетімді баспанаға» ақша жинаңдар дегенді айтады. Ол да оңай дүние емес. Дегенмен ұміт басым. Енді «мемлекеттік қордан пәтер беріледі» деп тағы үміттендіреді. Алайда оның кезегі 50 жылға дейін созылып кетті дейді. «Елу жылда ел жаңа» дейді ғой, деп тағы сол үмітіміздің үзіліп кетпеуін тілейміз... Бар қазақтың бас ауруына айналған осы тақырыпты «Алаш айнасы» тілшісі қаузап көрген еді.

Иә, қазіргі статистикаға сәйкес, республика бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға үмітті азаматтардың саны 300 мыңға жуықтады. Олар кімдер? Мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-анасынан айырылған жетімдер, көпбалалы отбасылар сияқты әкімдікке барып, тізімге тұрғандар. Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған қазақстандықтар. Олар үшін жыл сайын 6 мың пәтер салынады. Демек, тізімнің соңында тұрған аз қамтылған азамат өзінің армандаған пәтеріне тек 44-45 жылдан кейін ғана қол жеткізе алады деген сөз. Ал оған дейін кім бар, кім жоқ? Дегенмен, үміт зор. Үміт күшті.

Ал осылай үміттендіріп қана қоймай, ондай жағдайды шынайы тіршілікке айналдыру үшін Үкімет не атқарып жатыр? Жыл сайын 6 мыңнан артық баспана салуға қауқарлы емеспіз бе? Әлбетте, баспанамен қамтудың жолдары аз емес. Мәселен, баспана мәселесін шешу үшін үшінші-төртінші санаттағы пәтерлер, яки болмаса, қарапайым жатақханаларды көптеп салу қажет. Ол туралы талай рет айтылған. Өкінішке қарай, бұл жұмысқа биліктен бастап, жеке сектордың да құлшынысы білінбейді, барлығы бірдей «атсалысайық ағайын» деп жатқан жоқ. Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ бірді-екілі облыста ондай жоспарлар болса да, басқа жерлерде «өлі тыныштық» байқалады. Әрине, тегін баспана салу үшін біраз қаражат қажет. Оған ел бюджетінің қауқары жете ме?

Сосын, тек бір ғана әлеуметтік жәрдемақыға қарап отырған азаматтардың «Қолжетімді баспанаға» қатыса алмайтынын да ескерген жөн.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети