Бүгінде бәсекелестік бағындырмаған белес қалмады. Қазақтың беташары да, қыз ұзатуы да, құда шақыруы да ақыр аяғы шілдехана жасауы да қып-қызыл бәсеке. Шамасы келсін-келмесін қарызданып, қауғаланып той жасайды. Тіпті, кредит алып келін түсіріп жатқандар да бар. Бәсекенің бармаған жері бәсіре ме деп жүр едік. Енді оған да кезек келген сыңайлы. Кейінгі толқын жастар біле бермеуі де мүмкін.

Бәсіре – яғни, қыздың тұңғышын алып төркіндеп келгенде нағашыларының жиеніне атайтыны. Біреу жиеніне ат мінгізуі мүмкін. Енді бірі ақша ұстатып жатады. Әйтеуір жиенінің тұңғыш табалдырық аттап келгенінде құр қол қайтару үлкен әбестік саналған. Мұның бәрі де қыздың абыройы үшін атқарылар іс. Қазақы салт-дәстүрімізге бүгінде жаңаша реңк енгендей. Қазіргі «жаңа қазақтар» жиеніне аттың орнына автокөлік, доллардың орнына депозит ашып беріп жарысып жатыр. Дұрыс-ақ. Байдың барын көрсеткеніне қызықпаса, ешкім қызғана қоймас. Дегенмен бұл кейде тым даңғойлық болып көрінетіні рас. Жуырда көршім екі ұлын бірдей үйлендірді. Тойды да бөліп жармай бірге жасады. Бәсекенің заманы ғой. Той барысында екі келіннің қандай ортадан шыққандығы бірден көзге ұрып тұрды. Үлкен келін бар жердің қызы екен. Ағыл да тегіл сыйлыққа көміп тастады. Байлықты мақтаныш тұтып, жоқшылықты қорсынатын кезең ғой. Екінші келін жүзін төмен салып төменшіктей берді... Бұл бәсеке бәсіреге келгенде тіпті білініп қалды. Үлкен келін ұлын көтеріп барып төркінінен джип көлігін мініп келді. Екінші келіннің жүзін төмен салуына тағы да тура келді. Жағдайы белгілі ата анасы жиеніне бәсіре де атай алмаса керек. Есірік ене жағдайдың тігісін жатқызудың орнына одан сайын ұшындырып «биік аттақырдан су ішіп отырмыз...» деп күнде күңкілдей берген-ді. Санасы зерек адамның жанды жерінен ұстайтын сөз ғой.
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз