06 қыркүйек 2024 | 08:31

Белгісіз байлық: қазақстандықтан тәркіленген 10 миллион доллар қайда аударылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті жақында қазақстандықтардың бірінен тәркіленген миллиондаған доллар қайда бағытталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті жақында қазақстандықтардың бірінен тәркіленген миллиондаған доллар қайда бағытталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабы бойынша, сот шешіміне сәйкес мемлекетке 404 миллион теңге болатын қымбат әшекейлер түріндегі активтер, сондай-ақ арнайы мемлекеттік қорға аударылған 4,9 миллиард теңге қолма-қол ақша қайтарылған.

Бастапқыда Бас прокуратура қазақстандық азамат өзімен байланысты адамдар арқылы шығу тегі белгісіз 10 миллион долларға иелік еткенін хабарлады. Одан қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар мен тарихи-мәдени мұра заттары тәркіленді, олардың тамыры, мамандардың пікірінше, сақ дәуірінен басталады.

10 миллион доллар қазіргі бағаммен 4,8 миллиард теңге. Қалған сома көрсетілген материалдық құндылықтардың құны болуы мүмкін. Редакцияға олар туралы толығырақ ақпарат берілмеді.

"Зергерлік бұйымдар түріндегі активтер басқарушы компанияның балансына берілді. Басқарушы компанияның активтерді зергерлік бұйымдар түрінде өткізуінен алынған ақша Арнайы мемлекеттік қорға аударылады. Комитеттің қарамағына келіп түскен мәліметтердің мазмұны (оның ішінде қайтарылған мүліктің фотосуреттері) таратылуы шектеулі ақпаратқа жатқызылған", - деп хабарлады Комитет.

Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң бойынша басқарушы компанияның мақсаттары: Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, олардың сақталуын қамтамасыз ету, сату болып табылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети