09 ақпан 2022 12:09

Бүгінгі педагог қандай болуы тиіс?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жандар Асан Жандар Асан

Еліміздегі бірден-бір "ұстаздар ұстаханасы" атанған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті өзінің 80 жылдық төл тарихында үздіксіз ұстаз мамандарын даярлап келеді. Бүгінде қарашаңырақтың алдында тұрған ең басты міндет - жауапкершілігі жоғары, білімді, бәсекеге қабілетті педагог кадрларын даярлау. Бұл туралы осы жоғары оқу орнының Коммуникация және медиа департаментінің басшысы Жандар Асан айтты.


Еліміздегі бірден-бір "ұстаздар ұстаханасы" атанған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті өзінің 80 жылдық төл тарихында үздіксіз ұстаз мамандарын даярлап келеді. Бүгінде қарашаңырақтың алдында тұрған ең басты міндет - жауапкершілігі жоғары, білімді, бәсекеге қабілетті педагог кадрларын даярлау. Бұл туралы осы жоғары оқу орнының Коммуникация және медиа департаментінің басшысы Жандар Асан айтты.

"Адами капиталдың сапасын арттыру - мемлекет дамуын қамтамасыз етудің негізгі алғышарты. Қоғамның зияткерлік әлеуетін ілгерілетуді жүзеге асыру педагог кадрларға тікелей байланысты. Бүгінде мұғалім кадрларының сапасын арттыру - басты мемлекеттік стратегия екенін ерекше атап өту керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілім мен ізгілікті алға қоятын ұстаздар қауымына деген ықыласы ерекше екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Бәсекеге қабілетті балаларды қалыптастыруда басты үміт мұғалімдерге артылатыны белгілі жайт", - деп атап өтті Жандар Асан.

Президент сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басым бағыт болып табылатынын үнемі айтып келеді. Бұл ретте білім сапасын жақсы, сауатты, білікті мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес деген пікірде Қыздар университетінің ресми өкілі.

"Білім және ғылым министрлігі бұл орайда көптеген бастамаларды қолға алып, нақты жұмыстар атқарып жатқанын көпшілігіміз көріп отырмыз. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті өзінің 80 жылдық төл тарихында үздіксіз ұстаз мамандарын даярлап келеді. Бүгінде қарашаңырақтың алдында тұрған ең басты міндет - жауапкершілігі жоғары, білімді, бәсекеге қабілетті педагог кадрларын даярлау. Өз қызметінде көшбасшылық, қоғам алдындағы жауапкершілік сынды құндылықтарға сүйенетін Университет бұл тарапта бірқатар нақты қадамдар жасауда", - дейді Жандар Асан.

Сондай-ақ ол газет тілшісімен әңгіме барысында Университетте қашықтан білім беру технологиясы арқылы білім алып жатқан студенттердің наразылықтарына да түсініктеме беріп өтті.

"Бүгінде Университетте қашықтан білім беру технологиясын қолдана отырып білім алатын студенттердің саны шамамен 1 700 адамды құрайды. Білім алушылар оқу бағдарламасының дәстүрлі яғни оффлайн форматта өтуіне қарсылықтарын білдіруде. Осы орайда ерекше астын сызып өтетін нәрсе:  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 5-бабының 25-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (2021 жылғы 25 ақпандағы №34 өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілді. Жоғарыда аталған Ереженің 25-тармағына сәйкес педагогикалық ғылымдар, құқық, хореография, аспаптық орындау, авиациялық техника және технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы және технологиялар, денсаулық сақтау, әскери іс, ветеринария саласында кадрлар даярлау үшін жоғары кәсіптік оқыту ұйымдарында қашықтан білім беру технологиясын пайдалана отырып пәндерді оқытуда академиялық кредиттердің жалпы көлемінің 20%-ы ғана көзделген. Нақтырақ айтқанда, оқу барысының қалған 80%-ы дәстүрлі (оффлайн) форматта өткізіледі. Бұл талаптар аталған бөлімде оқитын студенттермен 2021 жылғы 20 тамызда Университетпен жасасқан келісім шартта егжей-тегжейлі көрсетілген", - деді Университет өкілі.

Оның ақпаратына сүйенер болсақ, аталған білім алу технологиясы арқылы оқитын студенттер Университетте оқудың дәстүрлі форматта басталуы 2022 жылдың 21 ақпаны мен 20 наурызы аралығында, ал жазғы емтихан сессиялары 30 мамыр мен 26 маусым аралығында өткізілмек. Бұл туралы білім алушыларға алдын ала ескертілген екен.

"Күндізгі бөлімге қашықтан білім беру технологиясы арқылы түскен білім алушылардың жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты түсініспеушілік пен өз тараптарынан келіспеушіліктің туындауына байланысты бүгін Университетте студенттермен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Университеттің Басқарма төрағасы - Ректор Гүлмира Қанай білім алушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, ұсыныстардың барлығын назарға алатынын жеткізді. Ең бастысы - студенттерге де Университетке де екіжақты өзара тиімді шешімдердің тетіктері қарастырылды. Университетіміздің басты мақсаты - білім алушылар алдындағы міндетімізді сапалы орындау. Студенттердің көп бөлігі жұмыс істеп жүрген мамандар болғандықтан, Университет өз тарапынан мүмкіндігінше ыңғайлы күнтізбе қойып, төлемақыдағы күтілетін өзгерістерді де төменгі шекте ұстауға әрекет жасайды", - деді Жандар Асан.

Ол Университеттің басты міндеті - сапалы педагог кадрларын даярлау. Жоғарыда аталған өзгерістер мен шешімдердің барлығы да осы тараптан туындап отырғанын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети