Айбек Жансейітов – қазақ эстрадасының танымал әншісі десек, көпшілік көрермен бұл есімді танымай жатуы мүмкін. Өйткені өзінің көңілді, ырғақты әндерімен халықтың жүрегіне жол тапқан бұл әншіні көпшілік Бүркіт деп біледі. Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын үлкен сахнаға қанатын қомдап шыққан әнші бүгінде қазақ өнерінің қыранына айналған. Бүркіт өзінің Алла берген ерекше дауысымен, сымбатты келбетімен, ашық-жарқын мінезімен өнерде де, өмірде де халқына сыйлы азамат. Өнерге жан-тәнімен берілген Бүркіт тынбай еңбек етіп, әрдайым көрерменін шығармашылығындағы жаңалықтарымен қуантып жүреді. Бүркіт «Алаш айнасы» оқырмандарының сұрақтарына да уақытын қиып жауап берген еді.

– Бүркіт, сіз сахнаға ең алғаш шыққанда көбінесе орыс тілінде ән салатын едіңіз. Байқап отырсақ, соңғы жылдары тек қазақша әндер орындап жүрсіз. Халықтың сұранысына орай репертуарыңызды өзгерттіңіз бе? Әлде...
– Иә, сұрағыңыз өте орынды. Мен алғаш сахнаға шыққан 2003-2004 жылдары орыс тілдерінде әндер орындап жүрдім және сол әндерімнің көбі мұңды, пессимистік сарында болатын. Кейіннен бір досымның «әншінің әр айтқан әні Аллаға дұға секілді жетеді» деген сөзі мені қатты ойландырды. Қарап отырсам, менің әндерім ылғи «сағындым, қимаймын, жете алмай жүрмін» деген сарындағы мұңды әндер екен. Сол уақытта өзімнің өмірім де осы әндердегідей болған секілді. Кейіннен стилімді өзгерттім, репертуарыма ылғи көңілді, ырғақты, билейтін әндер енгіздім. Шынымды айтасам, өмірім де көңілдене түскендей. Сондай-ақ өзім қазақ бола тұрып, өзге тілдегі әндерді қанша керемет айтсам да, ол әндердің хит бола алмайтынына көзім жетті. Өзім біраз шетелдерді аралап көріп те жүрмін, мәселен Түркияда түрік әншісі ағылшынша ән айтпайды, өзінің түрікше әндерін хитқа айналдырады. Қазір өзімнің де, Аиша екеуміздің де репертуарымызда тек қазақша әндер. Халықтың сұранысына ие болып жатқанымыз да сондықтан шығар. Өз басым кез келген әнді өз қалауыммен таңдаймын. Халықтың сұранысы осы екен деп кез келген өз көңілімнен шықпаған әнді орындай салмаймын. Аллаға шүкір, орындаған әрбір әнімнің халыққа ұнап жатқаны үлкен сәттілік деп есептеймін.
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз