22 мамыр 2014 | 19:23

Біз отаншылдықты қалай түсініп жүрміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Кейде біздің отаншылдық, патриоттық қасиетіміз қандай деген сауал тіл ұшына орала кетеді. Әуелгі әңгіменің әлқиссасын Отан деген ұғым жөнінен басталық. Әрбір адамның кіндігі кесіліп, ат жалын тартып мінген киелі мекені болады. Бұл қастерлі мекенді ата-бабасы көне заманнан мекендеп, сол жерде тіршілік етеді. Оны ата мекен деп те атайды. Нақтысы, бұл киелі топырақ, өскен орта Отан деген қастерлі ұғым саналады. Ғылыми тілде тіл қатсақ, байлықтары, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы, тіл, мәдениет, тұрмыс-салт және әдеп-ғұрып ерекшелігі бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ Отан деп аталады. «Алаш айнасы» осы мәселе бойынша ой толғайды.

Иконка комментария блок соц сети

Біздің ата-бабаларымыз өз ұрпағын туған топырақты шексіз сүюге, қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиеледі. Даңғайыр даламызға көз тіккен сырт көз дұшпандарға қарсы тойтарыс берді. Сынық сүйем жер үшін қасық қаны қалғанша қолына қару алды. Қазір арғы-бергі қиырына ат тұяғы сүрініп, әрең жететін кең байтақ даламыз сондай жанқиярлық ерліктің арқасы деп нық сеніммен айта аламыз. Қысқасы, біздің ата-бабалар туған жерді шексіз сүйді. Сол жолмен баласына тәрбие берді. Қазақтың осындай асыл қасиеттері қай халыққа да өнеге-үлгі бола алады.

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген тәмсіл бар. Бұл сөздің мәніне үңіліп қарасаңыз, көп нәрсені айқын аңғаруға болады. Өйткені, әрбір шаңырақта тыныштық, жақсылық, қуаныш болса, онда сол мемлекеттің берекелі өмірінің бір көрінісі емес пе? Осындайда тіл ұшына орала кететін «Отбасы – шағын мемлекет» деген нақылдың растығына көзіңізді айқын жеткізуге мүмкіндік туады. Ізгі қасиеттері бойында сақталған әрбір азамат өзінің Отанын шексіз сүйеді. Сол мақсатта өмір сүріп, туған өлкенің өркендеп-өсуіне жұмыс жасайды. Осындай имандылық әрбір азаматты алға жетелеп, биік-биік белестерге бастайды.

Ертеде көшпенді өмірдің берекесін көрген қазақ өркениетінде отансүйгіштік қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа қашалған Күлтегін ескерткішінде де ол жайында көптеген сөздер жазылған. Оларда ел билеген азаматтардың отаншылдық үлгілері жайында көрініс тапқанын көпшілік жақсы біледі. Одан бергі кезеңдегі Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар да Отанды сүюге бағытталған мағыналы әңгімелерін ел-жұртқа жая білді. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М. Жұмабаев секілді қазақтың ұлт зиялылары мен қайраткерлері отансүйгіштік жайында тек жазып қана қоймай, оны іспен де көрсете білді емес пе?

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети